Solva қолданушыларына ТЖ уақытында ресми үндеу
Құрметті достар!
Біз SOLVA компаниясында клиенттеріміз бен қызметкерлерімізге қызмет көрсету және қолдау білдіру үшін барлығын жасаудамыз. Сервистер интернет желісіндегі шектеулер үшін уақытылы қол жетімді болмауы ықтимал, алайда біз жұмысымызды жалғастырып келеміз. Жақын арада ситуация тұрақталғаннан және тиісті рұқсаттарды алғаннан кейін Қазақстан бойынша 160 бөлімшелеріміздің жұмысын қалпына келтіреміз.
Біз келесідей іс-шараларды қабылдадық:
1. Біз Solva компаниясында қайтыс болған әскери қызметкерлер ресімдеген кредиттерді жабамыз.
2. Төтенше жағдай жарияланған мерзім ішінде өсімпұлдар мен айыппұлдар есептелінбейді. ТЖ кезінде есептелген барлық өсімпұлдар техникалық мүмкіндіктер пайда болған сәтте бірден есептен шығарылады.
3. Біз клиенттерімізге кредитттік тарих маңызды екендігін түсінеміз. Сол себептен кредитттік бюролармен ТЖ кезінде орын алған мерзімі өткен төлемдер туралы ақпарат көрсетілмес үшін тығыз байланыстамыз.
4. Қаржылық жағдайы нашарлаған, сонымен қатар залалға тап болған біздің барлық ағымдағы клиенттерімізге кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие екендігін хабарлаймыз. Төлем мерзімін кейінге қалдыру рәсімі барлық қарыз алушылар үшін бірдей болуы тиіс. ҚБА-дан тиісті ақпаратты алғаннан соң қосымша хабарлаймыз.
5. Біз сонымен бірге орын алған оқиғалардың салдарынан зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру үшін жеңілдікті кредиттеу шарттарын әзірледік. Клиенттерге қолдау көрсету қызметі арқылы қаржыландыруға өтінімдер қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша +7 701 006 35 35 нөмірі және support@solva.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.
Бірге осы сынақтан өтеміз деп сенеміз!