Төлем қабылдауға қатысты шектеулер алынды
Құрметті клиенттер!
Төлем қабылдауға қатысты 2026 жылдың 3 сәуірінде енгізілген уақытша шектеулердің толықтай алынғанын хабарлаймыз. Бүгіннен бастап, яғни 18.05.26 күні Solva қызметтеріне төлем жасау және қарызды өтеу келесі үйреншікті арналар бойынша қайтадан қолжетімді:
• Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімі;
• Paydala төлем терминалдары.
Барлық транзакциялар қалыпты режимде жүзеге асырылып, қаражат бірден есепке алынады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және сабырлылық танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.