Solva микроқаржылық ұйымы «Сала көшбасшысы 2021» марапатына ие болды
Solva компаниясы (IDF Eurasia тобына кіреді) «Сала көшбасшысы 2021» беделді марапатына мемлекеттік бюджетке елеулі үлесі мен қызметтің жоғары қаржылық нәтижелері үшін ие болды. Компанияның жетістіктерін Қазақстандағы Ұлттық бизнес-рейтингі тәуелсіз зерттеу нәтижелері бойынша атап көрсетті.
Solva «Мемлекеттік бюджетке үлес» рейтингінің деректері бойынша кәсіпорындар арасында алтын медальдің иегері атанды. Оның нәтижелерін Ұлттық бизнес-рейтинг 434 мыңнан аса қазақстандық кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетке үлес деректерін талдай отырып жариялады.
Solva активтердің мөлшері бойынша еліміздің жетекші 5 микроқаржылық ұйымдарына кіреді. ҚР ҰБ жариялаған деректерге сәйкес 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай ҚР микроқаржылық компаниялар активі 574,2 млрд. тг. құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға (397,8 млрд. тг.) артық болған. МҚҰ секторы еліміздің қаржылық нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан секторлардың біріне жатады. Соңғы бес жыл ішінде микроқаржылық ұйымдардың активтері жылына орташа есеппен 43,1%-ға артқан.
ҚР-дағы шағын және орта бизнесінің дамуымен қатар микроқаржылық ұйымдардың рөлі де артып келеді. Сектордың қалыптасуы оның үлесінің артуын растайды. Осылайша егер 2016 жылы МҚҰ активтерінің үлесі қаржылық нарық қатысушыларының* активтерінің жалпы сомасы не бәрі 0,4%-ды құраса, қазіргі кезде 1,6%-ға жеткен, ал 2021 жылдың соңына қарай 2%-дан асуы мүмкін.
Микроқаржылық ұйымдар тарапынан кредиттеу жылдан жылға өсуде. Ағымдағы жылдың наурыз айының соңына қарай қарыздық портфель 463,8 млрд. тг. құрап, жылына 46,7%-ға артқан. МҚҰ кәсіпкерлікге қолдау көрсетуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған микроқаржылық өнімдерді ұсынады. МҚҰ өнімдері банктік өнімдермен салыстырғанда айтарлықтай қол жетімді. Қарыздық портфельдің артуына қарамастан, 90 күннен аса мерзімі өткен қарыздардың үлесі не бәрі 5,9%-ды құраған, ал реттеуші органмен рұқсат етілген көрсеткіш қазіргі таңда 10%-ға тең. Бұл еліміздегі баламалы кредиттеу сервистерінің сапалы жұмысын білдіреді.
Қазақстандағы Ұлттық бизнес-рейтинг алты жыл қатарынан кәсіпорындардың жұмысын талдап, салалық рейтингте елеулі орынға ие ұйымдарды марапаттап келеді. Бұл қаржылық тұрғыда тұрақты және адал компаниялар, өз саласындағы дамуды және еліміздің экономикасын жақсартуды уәждемелейтін драйверлер.