Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Solva.kz ақшалай қаражат алудың жаңа шешімін енгізді

Solva.kz сервисі Қазақстанда қаржы қолжетімділігін арттыру стратегиясын іске асыруда. Компания жүргізіп жатқан ақшалай қаражат алу арналарының санын арттыру саясаты аясында клиенттің банк картасына ақшаны лезде аудару мүмкіндігін іске асырды. Ол үшін сервис пайдаланушысы өз өтінімінде өз банк картасының деректерін ғана көрсетуі тиіс. Шартқа қол қойылған соң қаражат лезде аударылады.

«Solva.kz өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін барлығын жасайды. Компания тиімді қаржылық шешімдерді ұсынып қана қоймай, сонымен бірге компания қызметтерін пайдалану клиенттеріміз үшін одан бетер ыңғайлы болу үшін барлығын жасайды. Қарызды банк картасына алу сияқты жаңа қызметті қосу осы бағыттағы кезекті қадам»,  – деп атап көрсетті Solva.kz сервисінің басқарушы директоры Алина Дзоекаева.

 

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Solva.kz ақшалай қаражат алудың жаңа шешімін енгізді - Solva
247 дауыс