Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva компаниясы ҚНРжДА-мен бірлесе отырып, Қарағанды қ. «Әйелдер мен ақша» тақырыбы бойынша семинар өткізді

18 қазанда Қарағанды қ. Solva компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРжДА) және «Қарағанды қ. Бойынша іскерлік әйелдер ассоциациясы» ҚҚ-ның қолдауымен «Әйел және ақша» тақырыбы бойынша қаржылық сауаттылық бойынша семинарды өткізді. Курстың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің арасындағы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және өңірдегі шағын бизнесті дамытуға ықпал ету.

«Әйел мен ақша» тренингі Қазақстанның бірқатар қалалары мен елді мекендерінде қазақ тілінде өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – қазақ тілінде сөйлейтін кәсіпкер әйелдер арасында бизнесті жүргізудің қаржылық аспектілері туралы негізгі білімнің тапшылығын толтыру. Осылайша компания әйелдерге өз ісін тиімді басқаруға және тиісінше өңірлердегі өмір сапасын жақсартуға үлес қосуды мақсат етеді.

«Қазақстандағы кәсіпкер әйелдердің белсенділігі өсіп келеді. Мұндай бизнестің басым бөлігі өңірлерде екендігі анықталды. Бизнес иелерінің басым бөлігі қазақ тілінде сөйлейтіндігін ескере отырып, Solva компаниясы мен ҚНРжДА Fingramota.kz жобасының шеңберінде қазақ тілінде қаржылық сауаттылық бойынша оқу шараларын өткізу туралы шешім қабылдады. Біз осы сәтке дейін қатысушылардан алған кері байланысқа сүйенсек, бұл дұрыс және уақытылы шешім. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті бастаған кезде қаржыны қалай басқару қажет екендігі туралы білмеген. Біздің тренинг барлық туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап алуға көмектеседі» –

деді Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова.

Solva портфеліндегі 70% (85 млн. АҚШ доллары) микроқарыз әйел кәсіпкерлерге беріледі екен. Компания осы деректерге және сауалнамаға қатысқан клиенттердің кері байланысына сүйене отырып, компания кредиттік қаражатты ұсыну арқылы ғана емес пайдалы курстар мен тренингтер түрінде қаржылық емес қолдау көрсету арқылы микро- және шағын бизнес иелеріне көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Қарағанды қаласы – «Әйел мен ақша» семинар циклі өтетін үшінші қала. Бұған дейін семинарлар Түркістан қаласында және Шелек ауылында өткізілген.

Түркістан қ. өткізілген семинарға қатысқан Гульмира ханым мектептегі мұғалім қызметі мен бизнесті қатар алып жүруге уақыт тауып келеді. Ол сонымен бірге өңірдегі бизнесмендерге тәжірибемен және қажетті байланыс мәліметтерімен алмасуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге арналған клубты ұйымдастырған.

«Кәсіпкерлерде мейрамхана немесе салон бар, ал менің сауда нүктем бар. Біз клубтың шеңберінде бір-бірімізге қалай қолдау көрсетуге болатындығын талқылаймыз. Өзара әрекеттесу мен көмек көрсетудің тәсілдерін бірлесе отырып іздейміз» –

деді Гульмира өз сөзінде.

«Әйел және ақша» семинарларына тәжірибелі бизнес ханымдар қатысты. Олардың бірі 18 жылдан бері эксклюзивті киім-кешек тігумен айналысатын ательенің иесі Дильфуза Абдурасыл. Ол модельдерге арналған мектепті басқаруды, оқыту курстарын ұйымдастырумен және үлкен отбасының істерін жүргізуді қатар алып жүр.

«Мен бала кезімнен түрлі материалдардан тігуді ұнататынмын. Мектептен келе салып, анамның тігін машинасын алып, алғашқы заттарымды тігетінмін. Сол себептен менің хоббиім маған табыс қана емес, ляззат алып келетін бизнесіме айналды» –

деп өз пікірімен бөлісті Дильфуза ханым.

Әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар «№1 қаржылық сауаттылық мектебінің» қатысуымен жүргізілді. Мектептің жетекшісі Акжунис Брасилова семинарлардың бас спикері ғана емес, қатысушылар үшін ментор қызметін атқарды.

«Қаржылық сауаттылық бойынша ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі қазіргі таңда шектеулі. Бұл фактор өңірлердегі кәсіпкерлер үшін үлкен проблема болып табылады. Ақшаны дұрыс пайдаланбау өмір сапасын төмендетеді, кредит сандарының артуына алып келеді. Біздің семинарларымыз қаржылық ойлау қабілетінің ерекшеліктері, кәсіпорынның қаржысы, жеке және отбасылық бюджет секілді тақырыптарды қамтиды» –

деді Акжунис Брасилова.

«Әйел мен ақша» семинары Қарағанды қ. «Космонавт» залында өтт3. Арнайы шақырылған қонағымыз – Қарағанды қ. ҚНРжДА Өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Наталья Кирсанова. Ол алаяқтыққа қарсы әрекет ету тақырыбын қозғады.