Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva компаниясы Digital Almaty 2023 халықаралық форумында «Жылдың финтех (FinTech) компаниясы» болып танылды

Solva Digital Almaty Awards 2023 деп аталатын Қазақстанның жетекші IT-премияларының бірі «Жылдың финтех (FinTech) компаниясы» номинациясында жеңді.

Solva «Жылдың финтех компаниясы» деп танылып, Қазақстанның қаржылық секторын цифрландыруға қосқан елеулі үлесі үшін марапатқа ие болды.

Біз тұрақты негізде қаржыландыруды алу үдерісін технологиялық шешімдермен жылдамырақ және ыңғайлырақ ету мақсатында жұмыс істейміз. 2022 жылы компания әріптес банкпен интеграцияны аяқтап, 10 мыңнан астам Solva виртуалдық картаны шығарды. Мұндай картаның көмегімен клиенттер кез келген сатып алуды жасап, төлемдерді жүргізе алады. Бұған қоса 2022 жылы 27 000-нан астам микробизнес өкілдері қаржыландыруды компанияның цифрлық өнімдерінің көмегімен алды.