Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva көміртекті бейтарап компания мәртебесіне ие болды

2023 жылдың маусымында Carbon Footprint Ltd. британдық консалтингтік компаниясы Solva-ға көміртектік аудит өткізді, нәтижесінде компанияға көміртекті бейтараптық мәртебе берілді.

Аудит аясында компанияның 2022 жылдағы парникті газдар шығарындылары қамтылатын барлық үш сала бойынша (scope 1, scope 2 және scope 3) талданып, есептелді. Тәуелсіз бағалау нәтижелері шығарындылардың едәуір көп бөлігі қызметкерлердің жұмысқа бару және кері қайту жолдары салдарынан болатынын анықтады, яғни  оларға Solva-ның 55% көміртек ізі тиесілі екенін көрсетті. Аудит қорытындысы бойынша Carbon Footprint өз қызметін жүзеге асыру процесіндегі компанияның СО2 шығарындыларын одан әрі қысқарту бойынша бірқатар ұсынымдар әзірледі.

Жиналған деректерді негізге алып, Solva өзінің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін өтеп, климаттың өзгеруіне үлес қосуды жөн көрді. Сол себепті Carbon Footprint ұсынысымен компания бар күшін СО2 шығарындыларын азайтуға бағытталған елдердегі бірқатар жасыл жобаларға қосылуды ұйғарып отыр. Бүгіннің өзінде қаржыландыру Үндістан мен Бразилиядағы екі жобаға бағытталды:  

Solar Grouped Project by ACME Group (Үндістан): жергілікті халықтың қажеттіліктері үшін күн энергиясын өндіру және оны әрі қарай аймақтық энергия желілеріне таратуға арналған жоба. 

Brascarbon Methane Recovery Project BCA-BRA-16 (Бразилия): мал шаруашылығындағы қалдықтармен жұмыс жасайтын жүйелерді оңтайландыруға арналған жоба.

Осы жобаларды қаржыландыру арқылы Solva 2022 жылы шығарған СО2 шығарындыларын толық өтеп, көміртекті бейтараптық компания мәртебесін алды.

Бүкіл әлем бойынша бірқатар елдерде жасыл жобаларды қаржыландырудан бөлек Solva Қазақстанда бизнеске арналған жасыл технологияларды қаржыландыру жобаларын дамытуда.

2023 жылдың тамызында Solva ШОБ сегментіндегі кәсіпкерлерге арналған «Бизнеске арналған жасыл қаржыландыру» жаңа өнімін іске қосты. Бұл қаражат қоршаған ортаға жағымсыз әсерді қысқартып жатқан кәсіпкерлерге беріледі, соның ішінде экологиялық тұрғыдан таза және энергия үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Өз кезегінде компания клиенттері кэшбэк алып, оны ай сайынғы төлемдерін өтеу үшін қолдана алады.

Сондай-ақ, шілде айының соңында Solva тұрақты даму туралы жылдық есебін екінші рет шығарды. Бұл есеп компанияның бизнесті жауапкершілікпен жүргізу, қызметкерлері мен жергілікті қауымдастықтарды дамыту, қоршаған ортаны қорғау саласында жеткен нәтижелерін көрсетеді. 

Биыл осы есеп үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес дайындалды, атап айтқанда ол 2021 жылғы Жаһандық Бастамасының Есептілік Стандарттары (Global Reporting Initiative Standards, GRI Standards) және Sustainability Accounting Standards Board (SASB) (коммерциялық банктер үшін). Биыл компания банкке айналу процесін аяқтауды жоспарлап отырғанын естеріңізге саламыз, сол себепті SASB бойынша ақпарат ашу стандарттары таңдалды.

Solva туралы:
Solva («МҚҰ ОнлайнҚазФинанс» АҚ) – Қазақстанның кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы. Компания микро, шағын және орта бизнеске арналған цифрлық қаржылық шешімдер ұсынады. Solva күн сайын клиенттері мен әріптестеріне мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесе отырып, іс жүзінде өзінің атын растай отырып (ағылш. solve — шешу), Қазақстан нарығында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы екі жылда компания Қазақстанның 58 мың кәсіпкерін жалпы сомасы 69 млрд. теңгеге қаржыландырды.

Тек БАҚ өтінімдеріне арналған:
Дана Төлепбекова 
PR-Manager, Solva
dana.tolepbekova@solva.kz