Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

SOLVA аймақтарға барады

Қазақстан аймақтарында шағын бизнес қарқынды дамып жатқанына қарамастан, кәсіпкерлер үшін кредит рәсімдеу қиындықтарына байланысты қаражат тапшылығы байқалып отыр. Өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдардың өз ісін дамытудың жалғыз мүмкіндігі банктік емес қаржыландыру болып қалмақ. Енді Ақтау, Қарағанды және Орал қалаларының тұрғындары онлайн кредитті үйден шықпай Solva.kz балама кредит беру сервисінен рәсімдей алады. Енді кредитті рәсімдеу көп уақыт пен құжаттар бумасын қажет етпейді. Барлығын үйден шықпай, онлайн режимде жасауға болады және тек жеке куәліктің болуы жеткілікті, себебі курьер көрсетілген жерге дайын шартпен келеді.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес 2017 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша 18 миллион қазақстандықтың экономикалық белсенді халқы 9 млн адамды құрады, соның ішінде жұмыспен қамтылғаны — 8,5 миллион, оның ішінде өзін өзі жұмыспен қамтығаны — 2,1 миллион, ал өнімсіз жұмыспен қамтылғаны — 275 мың адам.

Микроқарыздардың жиынтық көлемі 2017 жылдың үшінші тоқсанының соңына қарай жыл ішінде 67,6 %-ға ұлғайған және 150,6 млрд теңгені құрады. Салыстыру үшін: ҚР банктерінің осы кезең ішінде шағын бизнеске берген кредиттері тек 12 % өскен.
Бір жыл бұрын МҚҰ кредит портфелі жылдық өсімді 54,3 % деп көрсетсе, шағын бизнеске берілетін банк кредиттері 50,8 % болған. Ауыл тұрғындары үшін өзінің кәсіпкерлік қызметін іске асыруға әлі де кредит ресурстары жетпей тұр. Аймақтардағы банктер қалалық жерлермен жұмыс істегенді қалайды (банктердің кредит портфолиосында ауылға арналған бөлек кредиттер жоқ).
Қазақстанның Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы (ҚМҚҰҚ) мәліметі бойынша Қазақстанда банктік емес секторда 150 ұйым жұмыс істейді, олар Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шоғырланған, еліміздің басқа аймақтарында халықтың кредит қаражатын беретін балама көздерге қол жеткізу жағдайы қиын. Осыған байланысты бизнесті дамыту үшін кредит алу қиындықтары туындайды.
«Solva қаржылық технологиялар компаниясы Қазақстан аумағында кеңінен таралуын жалғастыруда. Бүгіннің өзінде Қарағанды, Орал және Ақтау тұрғындары жаңа балама кредит беру сервисінің қызметтерін пайдалана алады. Solva даму стратегиясы осы жылдың соңына қарай компания қызметін еліміздің бүкіл аймағында пайдалануға болатынын ұйғарады. Клиенттеріміздің көбі кредитті онлайн режимде бірінші рет алғалы отыр және біз пайдаланушыларымызға алғашқы тәжірибесі жақсы қырынан танылуы үшін бар күшімізді саламыз. Бізде жасырын комиссиялар мен қосымша төлемдер жоқ, ал төлем уақыты келгенде бірнеше күн бұрын хабарлама жібереміз», — деді Solva.kz сервисінің басқарушы директоры Алина Дзоекаева.

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
SOLVA аймақтарға барады - Solva
247 дауыс