Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva Group Директорлар кеңесінің жаңа құрамын жасақтады

Solva Group Ltd холдингтік компаниясы топтың корпоративтік басқаруына және қызметіне стратегиялық бақылауды жүзеге асыратын орган — Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қалыптастырғанын хабарлайды.

Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ғалым Құсайынов сайланды. Директорлар кеңесінің құрамы:

  • Тимур Ишмуратов — Solva Group Ltd бас директоры.
  • Ehab Tantawy — Zoser Capital Partners (ZCP) компаниясының тең құрылтайшысы әрі серіктесі, Neo Crystal Holdings Ltd мүддесін білдіреді.
  • Omar Ezz Al Arab — Zoser Capital Partners (ZCP) компаниясының тең құрылтайшысы әрі басқарушы серіктесі.
  • Берік Шолпанқұлов — тәуелсіз директор. Қазақстанның мемлекеттік қаржы саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. 2021 жылғы сәуірден 2026 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төраға орынбасары қызметін атқарып, ұлттық төлем жүйесін, цифрлық теңгені дамытуға және банктің цифрлық трансформациясына жетекшілік етті. Бұған дейін Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-министрі және қаржы вице-министрі, сондай-ақ қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • Нұрбек Аязбаев — тәуелсіз директор. Банк секторында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде қазынашылық, активтер мен міндеттемелерді басқару, кастодиандық бизнес және халықаралық капитал нарықтары салаларында жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап NRN Capital Advisors компаниясының (АХҚО лицензиясы бар консалтингтік компания) бас директоры және тең құрылтайшысы. 2010–2019 жылдары «Еуразиялық Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін «АТФБанк» АҚ қазынашылығында басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы компанияның қаржылық реттеу, халықаралық капитал нарықтары және корпоративтік басқару салаларындағы сараптамалық әлеуетін күшейтеді.

Компания туралы анықтама:
Solva Group LTD — «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген, Қазақстандағы Solva финтех-бизнесін басқаратын холдингтік компания. «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ — топтың Қазақстандағы операциялық құрылымы және елдегі ең ірі банктік емес кредиторлардың бірі (активтер көлемі бойынша МҚҰ арасында ТОП-5 құрамына кіреді). Ұйым нарықта 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазақстандық МҚҰ арасында корпоративтік облигацияларды алғаш болып шығарған эмитент атанды.