Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva екі номинацияда Cbonds Awards 2023 жүлдесімен марапатталды

«ОнлайнҚазФинанс МҚҰ» АҚ (Solva) «Қазақстандағы ESG облигацияларын алғашқы орналастырудың үздік мәмілесі» және «Қазақстан Республикасындағы облигациялардың жетекші бөлшек эмитенті» номинацияларында марапатталды.

Марапаттау рәсімі ТМД елдеріндегі борыштық бағалы қағаздар нарығында жыл сайын өтетін ең ірі конференция — XIX облигациялық конгресс аясында Бішкекте өтті. Cbonds Awards — 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан шара.

Константин Барабанов, СЕО Solva Group Ltd.:

«Solva борыштық бағалы қағаздар нарығындағы беделді Cbonds Awards марапатына алғаш рет ие болды. Біз Қазақстандағы облигациялардың ең ірі бөлшек эмитенті ретінде және корпоративтік индекстелген ESG облигацияларын шығару мәмілеміз үшін марапат алдық. Бұл сарапшылар қауымдастығы тарапынан біздің жоғары бағаланғанымызды көрсетеді. Әрине, мұның барлығы Қазақстандағы Solva бизнесінің дамуына сенетін инвесторларымыздың арқасында мүмкін болды. Біз де өз тарапымыздан кәсіби командамен бірігіп, көрсеткен сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімізді саламыз». 

Бұған дейін Solva компаниясы ESG гендерлік облигацияларын 2023 жылдың 2 маусымында 6,3 млрд теңгеге орналастырса, 2023 жылдың 21 маусымында 2,5 млрд теңгеге қосымша орналастырды. Орналастыруға бөлшек және институциялық инвесторлар белсене қатысты. Орналастырудың андеррайтері «Фридом Финанс» АҚ болды.

Бүгінгі таңда айналымда Solva компаниясының 11 облигация шығарылымы бар. Олардың ішінде KASE алаңында 1, 2 және 3 жыл мерзімге шығарылған теңгелік 7 облигация шығарылымы, сондай-ақ 1 жыл мерзімге шығарылған АҚШ долларында 3 облигация шығарылымы бар. Сонымен қатар, AIX алаңында теңгемен шығарылған бір облигация шығарылымы айналымда бар.

Барлығы компания бес облигация шығарылымын сәтті өтеп шықты. 2023 жылдың наурыз айында 5 миллион АҚШ доллары мен 2,3 миллиард теңге көлеміндегі облигация шығарылымы, 2023 жылдың маусым айында 15 миллион АҚШ доллары сомасындағы облигация шығарылымы өтелді. 2022 жылы 4 миллиард теңге мен 7 миллион АҚШ долларын құрайтын екі облигация шығарылымы өтелді.

Solva туралы:
Solva («МҚҰ ОнлайнҚазФинанс» АҚ) – Қазақстанның кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы. Компания микро, шағын және орта бизнеске арналған цифрлық қаржылық шешімдер ұсынады. Solva күн сайын клиенттері мен әріптестеріне мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесе отырып, іс жүзінде өзінің атын растай отырып (ағылш. solve — шешу), Қазақстан нарығында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы екі жылда компания Қазақстанның 58 мың кәсіпкерін жалпы сомасы 69 млрд. теңгеге қаржыландырды.

Тек БАҚ өтінімдеріне арналған:
Дана Төлепбекова,
PR-Manager Solva
dana.tolepbekova@solva.kz