Solva Директорлар кеңесінің жаңа құрамы ESG стратегиясын мақұлдады
Жақында Серік Аханов пен Әсем Нұрғалиева құрамына кірген «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ (Solva) Директорлар кеңесінің алғашқы шешімінің шеңберінде компанияның ESG стратегиясы мақұлданды.
Құжатта компанияның, басқару органдары мүшелерінің және барлық қызметкерлердің тұрақты даму қағидаттарына бейілділігі баяндалған.
Solva компаниясы өз қызметінде ESG мен тұрақты дамуға (ТД) қарасты жауапкершілік, этика, адам құқықтары мен заңнаманы қорғау, ашықтық секілді бес негізгі қағидатты ұстанатындығын атап көрсеткен жөн.
Стратегия шеңберінде компания инклюзивті қаржыландыру, клиенттердің қамы және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, қолайлы жұмыс атмосферасын қалыптастыру және қызметкерлердің әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсету, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруімен күресу секілді ТД-ның 4 негізгі мақсатын анықтады.
2023 жылдың басында Solva корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғаламдық шартына (БҰҰ ҒШ) қосылған Қазақстандағы алғашқы микроқаржылық ұйымға айнала отырып, БҰҰ ҒШ-ның адам құқықтары, еңбек қарым-қатынастары, қоршаған ортаны қорғау мен жемқорлықпен күрес саласындағы оң қағидатын ұстануға дайын екендігін дәлелдеді.
Solva өзінің ESG стратегиясы шеңберінде төрт басымдылыққа ие БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын (БҰҰ ТДМ) анықтай отырып, оларды дамытуға өзінің елеулі үлесін қосуды жоспарлап отыр. Мұндай мақсаттарға сапалы білім (4 ТДМ), гендерлік теңдік (5 ТДМ), лайықты жұмыс пен экономикалық өсу (8 ТДМ), климаттың өзгеруімен күресу (13 ТДМ) жатады.
Сонымен қатар компания тұрақты даму саласындағы жеке саясатын әзірледі. Аталған құжатта қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін бағыттар мен тапсырмалар, компаниядағы ТД-ны басқару құрылымы мен тәсілдемесі, сонымен бірге басқа да маңызды аспектілер анықталған.
Константин Барабанов, Solva Group ltd бас директоры:
«ESG-стратегияны қалыптастыру мен мақұлдау – компанияның ең маңызды қадамдарының бірі. Компания бұл бастамалаоды басшылыққа ала отырып, оларды өз үдерісіне енгізуде. ESG «nice to have» қатарынан «must be» қатарына өтеді, себебі дұрыс стратегия нақты тәуекелдіктерді азайтуға, ұзақ мерзімді перспективада шығындарды оңтайландыруға және компанияны позитивті қабылдауды қалыптастыруға елеулі үлесін қосуға өз септігін тигізеді. Solva бірнеше жыл қатарынан әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарына қаржылық сауаттылық бойынша тренингтерді және жақында іске қосылған «Әйел ісі» бастамасын жатқызуға болады. Алайда нақты мақұлданған стратегияға сәйкес біз ESG тақырыбын жоспарлы, жүйелі түрде дамытып қана қоймай, тұрақты дамудың басқа мақсаттарын қамтып,. сол арқылы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға және ел экономикасының дамуына үлес қосамыз».
Сонымен бірге 2022 жылғы желтоқсаннан бастап Solva Ұлттық ESG клубының мүшесі болып табылады. Бұл компанияның жеке ESG күн тәртібін арттыру жолындағы тағы бір қадамы, сонымен бірге еліміздегі жалпы ESG мәдениетін қалыптастыру мен тұрақты дамыту саласындағы үздік тәжірибемен алмасуға арналған маңызды арнасы болып саналады.
Стратегияның толық мәтінімен компанияның сайтында танысуға болады.
Solva туралы:
Solva («ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ) – Қазақстанның кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығының көшбасшысы. Компания микро-, шағын және орта бизнеске арналған цифрлық қаржылық шешімдерді ұсынады. Solva Қазақстан нарығында 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Осылайша компания күн сайын клиенттер мен серіктестерге өз атауын (ағылш. Solve – шешу) растай отырып, өзінің мақсаттарын жүзеге асырады. Соңғы екі жыл ішінде компания Қазақстанның 58 мың кәсіпкеріне 69 млрд. тг. сомасына қаржыландыру ұсынған.
БАҚ сұрауларына ғана арналған:
Дана Толепбекова,
PR-Manager Solva
dana.tolepbekova@solva.kz