Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva Қазпошта бөлімшелерінде кәсіпкерлерден қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастады

Қазпошта бөлімшелерінде енді Solva-дан бизнеске цифрлық микронесие алуға болады: кәсіпкерлерді қаржыландыру көлемі 4 миллион теңгеге дейін. Тіркеу үшін кепілдік пен кепілгер талап етілмейді, ал өтініш 5 минут ішінде қаралады.

Қаржыландыруды кез келген мақсатқа – айналым қаражатын толықтыруға, сауда орындарын кеңейтуге, құрал-жабдықтарды сатып алуға, қызметкерлер санын толықтыру, шұғыл шоттарды төлеуге және басқа да бизнес қажеттіліктерге алуға болады.

Қаржыландыру кез келген заңды мәртебесі бар – жеке кәсіпкер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерге қолжетімді. Ол үшін кәсіпкерлер Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Қазпошта бөлімшесіне жүгіне алады.

Одан бөлек, клиенттер Solva мобильді қосымшасын QR арқылы жүктеп, сауалнаманы толтырып, микрокредит беру туралы шешімді күте алады.

Микрокредит алуға болатын Қазпошта бөлімшелерінің тізімімен төменде таныссаңыздар болады:

  • Алматы облыстық филиалы (ООУ Еңбекшіқазақ АПБТ, Боролдай АПББ, ООУ Панфилов АПБТ, ООУ Талғар АПБТ, Шамалған станциясы АПББ, ООУ Шелек АПБТ);
  • Алматы поштамты (ПБП-26, ҚПББ-2, ҚПББ-11, ҚПББ-31, ТҚП-18);
  • Жамбыл облыстық филиалы (ООУ Жамбыл ОФ, ООУ Байзақ АПБТ, ООУ Қордай АПБТ, Қордай-1 АПББ, ООУ Шу АПБТ, Шу-27 ҚПББ, Шу-29 ҚПББ, ТҚП ХҚКО Шу АПБТ, ООУ Талас АПБТ, ООУ Мойынқұм АПБТ);
  • Қостанай облыстық филиалы (ООУ Қостанай ОФ, ООУ Рудный ҚПБТ, ООУ Лисаков ҚПБТ, ООУ Арқалық ҚПБТ, ООУ Әулиекөл АПБТ, ООУ Сарыкөл АПБТ, Ұзынағаш АПББ);
  • Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы (ООУ СҚОФ, ООУ Қызылжар АПБТ, ООУ Мүсірепов атындағы АПБТ, ООУ Жұмабай атындағы АПБТ, ООУ Тайынша АПБТ, Константинов АПББ, Ленинград АПББ);
  • Түркістан облыстық филиалы (ООУ Кентау ҚПБТ, Қарнақ АПББ, Қарабұлақ АПББ, Абай АПББ, ООУ Сайрам АПБТ, ООУ Мақтарал АПБТ, ООУ Отырар АПБТ).