«ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva) 4 млрд теңге сомасына облигациялардың дебюттік шығарылымын жоспарлы өтелуі туралы хабарлады
2 жыл ішіндегі барлық шығарылымдар бойынша инвесторларға төленетін жиынтықты төлем сомасы 8.3 млрд. тг. сомасын құрады.
Алматы, 2022 жылғы 31 тамыз. «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva) номиналды құны 4 млрд. тг. құрайтын MFOKb1 сериялы 2 жылдық облигациялар бойынша толық өтеуді жүзеге асырды. Қағаздар бойынша табыс – жылына 19%-ды құрады, ал купондар бойынша төлемдер тоқсан сайын жүргізілді. Дебюттік шығарылым қатысушылары қатарында Қазақстаннан 645 жеке және институциялық инвесторлар бар.
Solva – 2020 жылғы тамыз айында бұқаралық қарыз нарығына шыққан Қазақстандағы алғашқы микроқаржылық ұйым. Өткен екі жыл ішінде Solva қарыздық инвесторлар арасында аса танымал эмитент статусын бекітіп, қазіргі сәтте айналымда номиналды құны 30 млрд. тг. асатын KASE және AIX биржаларындағы компания облигацияларының бес шығарылымы бар, бұл ретте жеке және институциялық инвесторлар базасының жалпы саны 1000 қатысушыдан асады. Соңғы екі жыл ішіндегі купондық табысты қоса алғанда, облигациялар ұстаушыларына жасалынатын төлемдердің жалпы көлемі 8,3 млрд. тг. құрады. Solva инвесторларының 85%-дан аса бөлігі купонды компания облигацияларының жаңа шығарылымын сатып алуға қайта инвестициялау көзі ретінде пайдаланған.
Solva компаниясына тартылған барлық қаражат Қазақстан экономикасының нақты секторын кредиттеуге жұмсалады, ол үшін компания микро- және шағын бизнесті қаржыландырады, сонымен қатар тұрғын үйді немесе көлікті жөндеу, білім алу секілді ірі сатып алуларға арналған тұтынушылық микрокредиттерді береді. Соңғы 24 ай ішінде жалпы көлемі 66 млрд. тг. кредиттік қаражатты 52 мың қазақстандық кәсіпкерлер алды, ал «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ-ның микрокредиттер портфелінің жалпы көлемі 2022 жылғы екі жарты жылдықта 76 млрд. тг. жетті.
«МҚҰ секторының мысалында біз реттеуші органның Қазақстанның кәсіпкеплеріне қолдау көрсету мен кредиттеуді дамыту саласындағы бірізді саясатын көріп келеміз. 2020 жылы жаңа заңнама күшіне енген сәттен бастап МҚҰ облигациялар арқылы ақшалай қаражатты тарту мүмкіндігін алды, бұл Solva компаниясына ЕДБ өз филиалдарын аша бермейтін ауылдық аймақтарды қоса алғанда микро- және шағын кәсіпорындарды кредиттеудің үлкен көлемін беруге мүмкіндік берді. Ары қарай 2021-2022 жылдары реттеушінің көмегімен заңнамаға түзетулер енгізілді. Соның нәтижесінде трансформацияға жол ашылып, лицензия алу мүмкіндігі пайда болды. Осы іс-шара Solva-ға Қазақстанның кез келген нүктесіндегі микрокәсіпкерлерге қарыз беруден басқа ыңғайлы төлем карталары, ЕКҚ, сондай-ақ бюджеттеу мен есепке алу жүйелері секілді қаржылық қызметтердің толық пакетін алуға мүмкіндік береді» –
деді Solva Group Ltd бас директоры Константин Барабанов.
2022 жылғы тамызда S&P Global Ratings агенттігінің талдаушылары «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva) рейтингін «тұрақты» жорамалмен B-/B дейін көтерді. Компания рейтингі бойынша тұрақты жорамал Solva компаниясының банкке айналу бойынша жоспарлы трансформациясына оң әсер ететіндігін білдіреді. «2023 жылы банктік лицензияны алу секілді Solva компаниясының негізгі мақсаты ұйымның кредиттік қабілетін арттыруды қамтамасыз етуі мүмкін» – деген пікірді талдаушылар білдірді.
2022 жылғы 29 қыркүйекті Solva сонымен қатар 9% купонмен 7 млн. АҚШ доллар көлемінде екіжылдық облигацияларды жоспарлы өтеуді жүзеге асыратын болады. Аталған облигацияларды компания 2020 жылы AIX биржасына шығарды.
Solva туралы толығырақ ақпаратты инвесторларға арналған сайттағы арнайы тараудан табуға болады: https://invest.solva.kz/kz/