Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Клиент профилі үшін жеткілікті деректер

Микроқаржы ұйымдар клиенттік базаны кеңейту үшін барлық қол жетімді ақпаратты қаржылық талдау үшін пайдалана отырып, банк қамтымаған әлеуетті қарыз алушылардың сегментіне назар аударуда

Қазақстандағы микрокредит беру секторының әрекет етуінің ресми дәлелі ретінде 2003 жылы қабылданған «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңды қарастыруға болады. МҚҰ қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен (ҚР ҰБ) реттелмеген, ұйымдар ҚР Азаматтық кодексі шеңберінде жұмыс істеген. Реттелмеген сектор нарыққа кірудің айтарлықтай төмен шегі салдарынан белсенді түрде өскен, яғни 1000 есе айлық есептік көрсеткішке (2003 жылы 8,7 млн. теңге) тең жарғылық капитал мөлшері белгіленген болатын. Көптеген банктер табыс нормасын арттыру үшін жеке МҚҰ құрған: алайда заң бойынша СЖТМ (жылдық тиімді мөлшерлеме) ҚР ҰБ белгіленген мөлшерлеменің шекті мөлшерінен аспауы қажет болғандықтан, тиісінше микрокредиттер өте қымбатқа түскен. Тағы бір шектеуге сәйкес бір қарыз сомасы 8000 есе мөлшерден аспауы тиіс болған, алайда бұл шектеу осы күні де әрекет етеді. 2012 жылдан бастап секторда елеулі өзгерістер орын алған. 2012 жылы қабылданған «Микроқаржы ұйымдары туралы» ҚР Заңына сәйкес микрокредит ұйымдар деп аталынған МКҰ бұрынғы атауы микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) болып өзгертілді. МКҰ ретінде қайта тіркеуден өту үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін төрт жыл кезең берілді. Алайда, ең бастысы, енді микроқаржы ұйымдар Ұлттық банк тарапынан реттеуден, бақылау мен қадағалаудан өтетін нысанға айналды. 2019 жылғы мамырда мәжіліс ҚР ҰБ әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» кең ауқымды заң жобасын қабылдады.

«Микроқаржы ұйымдары туралы» заңына да өзгерістер енгізілді. Ең алдымен, құжат «Микроқаржы қызметі туралы» болып өзгертілген. Авторлардың айтуынша заңның атауының өзгеруі «кредит серіктестіктерінің, ломбардтар мен онлайн-кредиторлар қызметін уәкілетті орган тарапынан реттеуге қосу арқылы микрокредит беру нарығын реттеу бойынша уәкілеттіліктердің артуымен байланысты».

Уәкілетті орган Ұлттық банк емес, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган болып белгіленді. 2011 жылы қызметін тоқтатқан Қаржылық бақылау жөніндегі агенттігі нарыққа қайта оралады делінген.

Соңғы өзгерістерге сәйкес МҚҰ беретін микрокредит сомасы 200 есе айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылған. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді, атап айтқанда, облигацияларды шығару, жеке қаражатты құнды қағаздарға инвестициялау және басқа қаржылық құралдар, факторингтік және форфейтингтік операциялар, кепілдіктер мен кепілгерлік беру. МҚҰ-ға сонымен бірге электрондық түрде шарттарды жасасуға рұқсат етілген. Заңға енгізілген өзгерістер онлайн-кредиторлардың қызметін, сонымен бірге қаржы саласында интернетті кеңінен пайдалануды реттеген. Біз жаңа заң қабылданғанға дейін тілдесу кезінде «Solva» МҚҰ бас директоры Марат Бекжанов микроқаржы қызметінің болашағын цифровизациямен тығыз байланыстырған.

Түрлі полюстер

— Марат, неліктен микроқаржы ұйымдары өздерін онлайн кредит ұсынатын компаниялармен салыстырғанды ұнатпайды?
— Ең алдымен, микроқаржы ұйымы (МҚҰ) деген не екендігін түсіну қажет. Соңғы бір-екі жыл кезінде қоғамда МҚҰ мен онлайн-кредитор компаниялар бір деген қате пікір халықтың санасында тығыз қалыптасқан. Шын мәнінде, микроқаржы ұйымы ретінде Ұлттық банкте есептік тіркеуден өткен ұйым ғана қызмет көрсете алады. Онлайн-кредиторлар Азаматтық кодекс шеңберінде жұмыс істесе, МҚҰ салалық заң бойынша қызмет көрсетеді. Ал бұл екі түрлі салалар.

— МҚҰ-ны онлайн-кредиторлардан қалай ажыратуға болады? Әдетте көптеген микроқаржы ұйымдары онлайн-кредиторлар секілді жұмыс істеп, кредит ұсынады ма? Ал мөлшерлемесі қандай?
— Екі ұйым арасында айырмашылықтар бар. Мысалы, компания атауында да өзгешеліктерді қарастырайық. «N» ЖШС – бұл онлайн-компания болса, «N» МҚҰ» ЖШС микроқаржы ұйымды білдіреді. Бұған қоса Ұлттық Банктің сайтындағы «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» тарауына кіріп, МҚҰ тізімімен және олар бойынша толық ақпаратпен (жетекшісінің аты-жөні, байланыс мәліметтері және т.с.с.) танысуға болады.

— Микроқаржы қызметі туралы жаңа заң жобасы бойынша онлайн-кредиторларда реттеу аймағына қосылған…
— Өзгерістер мен түзетулерді енгізу қажеттілігінің туындағанына біраз уақыт болды. Бұл негізінен нарықтың талабы болатын, себебі нарық тұрақты негізде дамып өзгеруде. Барлық өзгерістер реттелуі тиіс. Микроқаржы ұйымдары туралы заңды қабылдаған сәттен бастап жеті жыл өтті. Жеті жыл бұрын өзекті болған пруденциялық нормативтер қазір жұмыс істемейді, өзгерістерді енгізу уақыты келді.

Негізінен МҚҰ қызметі Қазақстанда «Микроқаржы ұйымдары туралы» заңды қабылдаған сәттен, яғни 2003 жылдан бастап реттеле бастады. Атап айтқанда, заңды қабылдағаннан бастап кредит бойынша сыйақының максималды мөлшерлемесі жылына 56%-дан аспайды деген шешім қабылданды. Қазіргі сәтте 2012 жылғы «Микроқаржы ұйымдары туралы» заң әрекет етеді. Осы заңға сәйкес қосымша шектеулер енгізілген, оның ішінде пруденциялық нормативтер, яғни жарғылық капитал мөлшері бойынша талаптар, есептілік бойынша талаптар және т.с.с. 2016 жылдан бастап микрокредит ұйымдары Ұлттық Банкте есептік қайта тіркеуден өту қажет деген ереже өз күшіне енді.

— Егер тек қана қайта тіркеу талап етілсе, неліктен 2016 жылы 1800 МКҰ-дан микроқаржы ұйымының статусын көрсетілген МКҰ санының он пайызы ғана алған, ал 2019 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша не бәрі 162 МҚҰ тіркелген?
— Микроқаржы ұйымы ретінде қызмет көрсету құқығын алу МКҰ жеке капиталын реттеуші орган талап ететін минималды көлемге дейін, яғни 30 миллион теңгеге дейін арттыру қажет.

Қайта тіркеуден өтпеген компаниялар қайта құрылымдаудан өтуі тиіс. Бұған қоса ломбард ретінде тіркелу мүмкіндігі қарастырылған немесе ұйым өз қызметін тоқтатып, жабылуына да болады. Микроқаржы ұйымдары 2016 жылдан бастап МҚҰ туралы заңның барлық талаптарын орындауы қажет. Мұндай талаптарға мен осыған дейін атап көрсеткендей, жеке капиталдың жеткілікті болуы, мөлшерлеме, шарттарға қол қоюға қойылатын талаптар жатады. Заң МҚҰ-ның өз клиенттеріне қатысты барлық құқықтары мен міндеттерін реттейді.

— Егер 2003 және 2012 жылдардағы заңнаманы салыстыратын болсақ, реттеу қалай өзгерді? Қиыншылықтар бар ма?
— Әрине! Қаржы ұйымында уәкілеттілік көп болған сайын оған қойылатын талаптарда арта түсетіндігін дәлелдейтін практика бар. МҚҰ-ның осыған дейін уәкілеттілік тізімі шектеулі болған. Өзінің негізгі қызметі кредит беруден басқа МҚҰ-да кепілдікке қойылған мүлікті сату, инвестициялық қызметпен айналысу секілді құқықтар қарастырылған. МҚҰ туралы заң бағалы қағаздар нарығындағы жұмысқа қатысты уәкілеттілік тізімін кеңейтті. МҚҰ жеке бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруға құқылы емес, алайда ОБ ұйымдастырған нарықта хеджілеу мақсатында туынды қаржы құралдарымен жұмыс істей алады. Бұған қоса заңға сәйкес МҚҰ сақтандыру агенті ретінде әрекет ете алатын болады, яғни біз клиенттерімізге сақтандыру қызметін сату арқылы қосымша табысқа ие бола аламыз.

Қарыз — ақша — қарыз

— МҚҰ жеке тұлғалардың депозиттерін тарту құқығына ие емес. Сіздің ұйымыңыз қандай көздерден қаржыландырылады?
— Қаржыландырудың негізгі көзі — акционерлік капитал мен сыртқы қарыздар. Бұл жергілікті банктер мен инвесторлар, сонымен қатар халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялар ұсынған қарыздар. МҚҰ-ға бағалы қағаздар есебінен қаржыландыруды тартуға рұқсат етілмеген, себебі біз қор нарығында ақшаны қарызға ала алмаймыз. Осылайша бізде табыстың екі көзі бар: жеке капитал мен қарыздар. Бұл ретте қор базасындағы қарыз үлесі 90%-ға дейін жетуі ықтимал.

— МҚҰ-ға қандай халықаралық банктер қарыз береді және қандай шарттар бойынша? 
— Негізінен даму институттары десе болады. Атап айтқанда, АДБ, ЕҚДБ… Олар микроқаржы ұйымдарына белгілі мақсатпен қарыз ұсынады. Мысалы, Азия Даму Банкі шағын бизнеске қолдау көрсету мақсатында қарыз береді. Сол себептен МҚҰ даму институттарынан қарыз ала отырып, мұндай қаражаттың нысаналы жұмсалуын сақтау қажет. Компаниялар мұндай қарыздар есебінен, мысалы, жеке тұлғаларға тұтынушылық қарыздарды беруге тыйым салынады, тек қана жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға кредит беру мүмкіндігі қарастырылған. Мұндай бағдарламалар бойынша көптеген МҚҰ қаржыландырудың осы түрін белсенді түрде пайдаланады. Қалай болған жағдайда да, жарты жылда бір рет микроқаржы ұйымы кезекті нысаналы қарызды алыпты деген жаңалықты міндетті түрде естиміз.

— Бұл қаражат қымбатқа түседі ме?
— Жергілікті банктердің сыйақы мөлшерлемелерімен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстандық банктер әдетте кредитті ұлттық валютада 16 пайызбен береді және бұл дәстүрге айналған үрдіс секілді. АДБ-да қарызды жылына төрт пайызбен алуға болады. Осыған қоса бізде мемлекеттік сыңайлы сектордағы субъектілеріміздегі қорландыруды тарту мүмкіндігіміз бар. «Даму» қоры, ҚазАгроҚаржы ұйымдарында шағын бизнесті, ауыл шаруашылықты дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар қарастырылған. Аталған ұйымдар келесі шарт сақталынған жағдайда, төрт пайызбен қарыз беруге дайын: компаниялар кәсіпкерлер мен аграрийлерлерге жылына кемінде 11 пайызбен кредит беруі тиіс. Осы екі мөлшерлеме арасындағы айырмашылық нәтижесінде МҚҰ табысқа ие бола алады.

— Жоғарыда аталған ұсыныс сіз үшін қаншалықты қызықты? Банктер аграрийлерге кредит беруге аса қызығушылық білдірмейді, себебі тұрақты кепілзаттың болмауы, ауа-райынан үлкен тәуекелдік және т.с.с. тәуекелдіктер бар дегендей.
— Иә, бұл МҚҰ үшін де, біздің клиенттерімізге де қызық екендігін мұндай қарыз түріне деген сұраныстың артуы білдіреді. Көптеген микроқаржы ұйымдары ауыл шаруашылығына мұндай бағдарламалар есебінен белсенді түрде кредит беруді жалғастыруда.

Ішкі ресурстар

— Ал «Solva» компаниясы ше? Сіздер қандай клиентке, қай салада қызмет жұмыс істейтін клиентке қызмет көрсетуге дайынсыз? Қызығушылық аясы қандай?
— Біздің компания нарықта екі жыл ғана қызмет көрсетіп келеді, сол себептен біз белсенді даму кезеңін бастан өткізіп жатырмыз. Біз туралы басқа қатысушылар, банктер, мемлекеттік сыңайлы компаниялар, халықаралық инвесторлар біліп, бізді бағалап, бізге қаншалықты сенуге болатындығын түсінгенге дейін біз жеке қаражат пен талпыныс есебінен жеке базамызды қалыптастырамыз. Әзірше біздің негізгі клиентіміз – жеке тұлға. Алайда біз қазір шағын бизнеске кредит беру туралы ойланып жүрміз, бұл бағыт біз үшін өте қызық, себебі осылайша біз клиенттік базаны кеңейтеміз, көрсетілетін қызметтер тізімін арттырамыз. Біз шағын бизнес үшін оңтайлы және жағымды болатын жаңа өнімдерді іске қосамыз.

— Ranking. Kz деректеріне сүйенсек, Solva компаниясының өткен жылғы активтерінің өте жоғары динамикасы байқалған. Бұл төмен база есебінен бе?
— Негізінен бұл түрлі факторлардың жиынтығы. Біз Қазақстан нарығындағы алғашқы цифрлық МҚҰ болып табыламыз және инновациялық қаржы технологияларын пайдаланудың нәтижесінде бизнесімізді қарқынды түрде дамытудамыз. Екі жыл ішінде біз он есе өстік. Бүкіл Қазақстан аймағында қызмет көрсетеміз, бұл ретте компанияда қамту көлемін арттыру үшін жаңа өңірлерде кеңселерді ашу қажеттілігі жоқ.

— Онлайн-компанияларды көптеген қарыз алушылар ұната бермейді. МҚҰ-ға деген қарым-қатынас банктерге қарым-қатынас секілді десе де болады. Алайда аталған ұйымдардың кредиттеу цифровизациясына қосқан үлесі тағы бар.
— Иә, дәл осы фактор даму үшін келесі қадамды жасады. Онлайн-компаниялар пайда болғанға дейін қаржы секторы, ең алдымен, барлық банктер мен МҚҰ сақтанымпаз позицияны ұстанған. Кредит алу үшін көптеген құжаттарды ұсынып, кредит комитеті шешім қабылдағанын ұзақ күту қажет болған. Кейбір жағдайларда кредитке өтінімді қарастыру бірнеше күнге, тіпті кейде бір аптаға созылған. Онлайн-кредиттерге өткен онлайн-компаниялар пайда болған кезде банктер мен МҚҰ кредит беру нарығы қандай бағытта дамитындығы бірден түсінікті болды. Цифровизация – қаржы ұйымдары үшін туындаған кезең, ол біздің және банктердің болашағы десе де болады.

Желідегі іздер

— МҚҰ тәуекелдігі жоғары сегментке, яғни жеке кәсіпкерлерге, шағын бизнеске, ауыл шаруашылық объектілеріне, жеке тұлғаларға кредит береді. Аталған клиенттер кез келген сәтте өз қарыздары бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуы ықтимал. Алайда МҚҰ секторында үмітсіз қарыздар бар болғаны үш пайызды құрайды. Қарыздық портфельдің жоғары сапасын жеткілікті деңгейде сақтаудың жолдары қандай?
— Менің пікірімше, төлемге қабілеттілікті бағалау жүйесіне, яғни скорингке назар аударған жөн. Бұған қоса бірнеше факторлардың жиынтығын да қарастырған жөн. Біріншіден, халықтың және бизнес өкілдерінің қаржылық сауаттылығы 2006-2008 жылдардағы кредит алудың аса белсенді кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Кезінде халық кредитке оңай қол жеткізуге болады деп санаса, дағдарыстан соң кредит алу үлкен жауапкершілік екендігін бұқара түсінді. Қазіргі таңда Қазақстанның әрбір екінші азаматы кредиттік тарих деген не екендігін, оны оңай бұзуға болатындығын және бұзылған кредиттік тарих одан кейінгі өміріне қандай әсер ететіндігін түсінеді. Тұтынушылардың жауапкершілігі артты.

Екіншіден, әрине, скоринг клиенттің төлемге қабілеттілігін бағалауға және сенімді емес қарыз алушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Қоғамда микрокредит ұйымдары банктер кредитке өтінімі мақұлданбаған клиенттерге кредит береді деген тұрақты пікір қалыптасқан. Біз кредитке өтінімдері мақұлданбаған клиенттермен жұмыс істейміз деген сөз емес, бұл ретте банктердің клиенттерді жеткілікті деңгейде терең талдамайтындығын ескеру қажет. Банктер әлеуетті клиентті бағалаған кезде олар клиенттің табысы мен кредиттік тарихын негізге алады. МҚҰ бұл тұрғыда банктер есепке алмайтын көптеген параметрлерді қарастырғандықтан икемдірек десек болады. Мысалы, кредиттік тарихтың болмауы банкте қарыз алуға кедергі болады, себебі кредиторда әлеуетті қарыз алушы өз қарызын қалай өтейтіндігі туралы ақпарат жоқ, банк кредитті өтеу тарихымен таныса алмайды. МҚҰ цифровизацияның кең ауқымды мүмкіндіктерінің нәтижесінде интернет арқылы қол жетімді клиент туралы барлық деректерді пайдаланады. Мысалы, клиент әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы болғандықтан, интернетте өзінің цифрлық ізін қалдырады. Клиенттің отбасы жағдайын, балаларының санын, жұмысын және т.с.с. көптеген басқа ақпаратты білуге болады. Осы деректердің барлығын талдай отырып, клиенттің өз қарызын уақытылы өтейтін қаншалықты сенімді қарыз алушы екендігі туралы қорытынды жасауға болады.

— Ұялы байланыс арқылы төлемге қабілеттілікті бағалайтын әдіс туралы не айта аласыз?
— Иә, мұндай тәсіл бар, бірақ ол кеңінен қолданылмайды. Клиенттің қаржылық мүмкіндіктерін ұялы байланыс арқылы ғана емес, сонымен қатар адам тұрмыстық қызметтерді қалай төлейтіндігі арқылы да талдау мүмкіндігі бар. Логика бірдей. Егер клиент тұрмыстық қызметтерді уақытылы төлесе, ұялы байланыс теңгерімін толықтырса, қарыздары болмаса, әлеуетті клиент қарызды дер кезінде төлейтіндігін білдіреді. Жақсы төлем тәртібі клиенттің жауапкершілігін білдіреді. Яғни мұндай деректер клиенттің профилін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған тенденцияны тек қана Қазақстанда емес, бүкіл әлем бойынша байқауға болады. Ең тәртіпті төлеушілердің ішіндегі көшбасшы – зейнеткерлер. Олар коммуналдық қызметтерді, теледидарды, телефон шығындарын уақытылы төлейді.

— Иә, алайда зейнеткерлерге кредит берілмейді.
— Иә, бірақ кредиторлар зейнеткерлерге жас қарыз алушыларға қарағанда қызығушылық деңгейі жоғары.

— Қазақстандағы қарыз нарығының сыйымдылығын бағалау бар ма? Қарызға деген сұраныс қаншалықты қанағаттандырылған?
— Игерілмеген нарық үлесі өте аз. Қаражатқа деген қажеттілікті жүз пайызға қанағаттандыру мүмкін емес. Талдауға жатпайтын «сұр аймақтар» бар екендігі анық. Яғни кредитін төлейді деген сенімділік деңгейі төмен клиенттер туралы сөз қозғау қиынға түседі, себебі олардың қаржылық жағдайын, төлемге қабілеттілігін бағалайтын деректер жоқтың қасы. Сол себептен ұсыныс сұраныстан жоғары деп айта алмаймын. Ұсыныстар көп, қаржылық институттардың саны да жеткілікті. Тиісінше тұтынушы өзі таңдай алады: банктер, МҚҰ, онлайн-компаниялар. Дегенмен «сұр аймақтағы» тұтынушы қарыз ала алмайды, тиісінше игерілмеген сегмент бола береді.

— Сіз көрсеткен санаттағы адамдар кімдер? Сіз оларды сипаттай аласыз ба? Жұмыссыздар ма? Әлде өзіне жұмыс істейтін азаматтар ма?..
— Біріншіден, ресми түрде жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар. Алайда қазіргі кезде қаржы ұйымдары жоғарыда сипатталған азаматтарды қарастыра бастады, оларды талдау мен бағалау құрал-саймандарын әзірлеп жатыр. Әлеуетті қарыз алушы өзіне жұмыс істеуі ықтимал, алайда ресми түрде жұмыс істемейді, бұған қарамастан оның табыс көзі бар. Қазіргі таңда қаржы институттарының алдында тұрған негізгі мақсаттың біріне осы сегментке кіріп, өз қызметін көрсету мүмкіндігін түсіну жатады.

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Клиент профилі үшін жеткілікті деректер - Solva
247 дауыс