Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Қазақстандықтар жаңа жылдық сыйлыққа үнемдемейді

«Махаббат бағасы сыйлық құнымен бағаланбайды, бірақ арзанқолдыққа да төзбейді», — деп қазақстандық интернет пайдаланушылары есептейді. Сондықтан клиенттердің 30,3 % Жаңа жылға дайындалу үшін 100 мың теңгеден артық ақша жұмсайды. Сауалнама Solva.kz сайтының тіркелген 25 мың клиенті арасында жүргізілді.

Solva.kz зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес балама кредит сервисі клиенттерінің 97,9 % Жаңа жылды атап өтуге белсенді түрде дайындалады және өзінің туыстарына, жақындарына, әсіресе балаларына сыйлық сатып алғанда шығынды есептемейді екен.

Сонымен бірге онлайн режимде кредит беру сервисі пайдаланушыларының қандай сыйлық таңдағаны және олардың әрқайсысы мерекелік қарбаласқа қандай соманы жұмсайтыны белгілі болды.

Ең танымал сыйлықтар — гаджеттер, тұрмыстық техника, косметика сатып алу сертификаттары, асүй керек-жарағы мен тәттілер.
Зерттеу деректері бойынша респонденттердің 35 % тұрмыстық техника мен гаджет сыйлауды жоспарлайды.

Жауап бергендердің 23,1 %-ы арасында танымалдық жағынан екінші орынға ие болған косметикаға және парфюмерияға сертификаттарды сатып алатындығын атап көрсеткен. Соған шамалас тәттілер — кәмпиттер мен шоколадты клиенттердің 22,7 % сатып алады.

Бір айта кететіні, клиенттердің көбі кәдесый өнімдерін сатып алудан бас тартқан, олар оны ақшаны далаға шашу деп есептейді.
Респонденттердің шамамен 7 % сыйлық ретінде ойыншықтарды, майшамдарды және жағымды әшекейлерді таңдайды.

Барлық респонденттің 5,3 % -ы мойын орағыштан бастап тонға дейінгі кіим-кешекті сатып алуды жоспарлауда. Барлық кездегі орынды сыйлық — кітапты клиенттердің 6 % сыйлайды.

Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарқанға да аямайды
Компания сарапшылары пайдаланушылардан жаңа жыл мерекесіне дайындалуға жұмсайтын қаражат мөлшері туралы да білді. Клиенттер азық-түлікке, дастарқанды безендіруге, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын декор мен әшекейлерге жұмсайтын жалпы соманы көрсетті.

Сұралғандардың 8,8 % 25 мың теңгеге дейінгі бюджетті белгіледі. Клиенттердің төрттен бір бөлігі — 25,6 % — мерекеге 50 мыңға дейін жұмсайды. Шамамен 27,5 % респондент бұл іс-шараға 75 000 тг дейін жоспарлаған. 100 мың теңгеге дейінгі соманы клиенттердің 11,7 % жұмсағысы келеді, ал 125 мыңға дейінгі бюджетті 6,3 % клиент жоспарлап отыр. Сұралғандардың біразы 125 мың теңгеден астам жұмсамақ. Бұл нұсқаға 14 % клиент дауыс берді. Қатысушылардың тек 6,1 % бұл шығынды сызып тастап, жаңа жылдық мерекеге ай сайынғы шығыннан артық жұмсамайтынын білдірді.

«Онлайн режимде кредит беру сервистерінің қызметтерін тұрақты жұмысы бар немесе шағын болса да, өз бизнесі бар қарапайым адамдар пайдаланады. Отбасында тойлау үшін респонденттер өздерінің ай сайынғы стандарт шығындарынан 50 %-ға артық шығындалуға дайын екен», — деп түсіндірді Solva.kz сервисінің басқарушы директоры Алина Дзоекаева.

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Қазақстандықтар жаңа жылдық сыйлыққа үнемдемейді - Solva
247 дауыс