Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Қазақстандық бизнесмендер кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігін ала алады

2021 жылғы 1 сәуірге дейін кредит ресімдеген кәсіпкерлер банктік қарыздар мен МҚҰдағы кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алады. Осы іс-шара шағын және орта бизнес (ШОБ), микробизнес субъектілеріне, сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге (ЖК) қатысты қолданылады.

Кредиттер бойынша төлемдерді кейінге шегеру мүмкіндігін ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеп, талаптарды ОнлайнКазФинанс МҚҰ қызметіне бейімдеген. Жаңа ережелерге сәйкес бизнесмендер 2021 жылғы 1 сәуірге дейін кәсіпкерлік мақсатында алған микроқарыздары бойынша төлемдерді кейінге шегеру мүмкіндігіне ие болады.

Ережелерге сәйкес пандемия кезінде залал келтірілген экономика салаларында қызмет көрсететін шағын және микросектордағы кәсіпкерлерге, сонымен бірге ЖК өкілдеріне төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі ұсынылады.

Орта кәсіпкерлік субъектілері (оның ішінде ЖК) шектеулі карантиндік іс-шаралар нәтижесінде ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған кезде төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін алады. Бұл ретте қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, кәсіпкерге мұндай мүмкіндік берілмейді.

Өтінішті қарастыру тәртібі қарапайым: төлем мерзімін кейінге қалдыру 30-90 күн мерзімге қарыз алушының өтініші бойынша беріледі. Бұл ретте ОнлайнКазФинанс МҚҰ қарыз алушылардан өтінішті қарастыру мен микрокредит шарттарын өзгерту бойынша комиссиялар мен өзге төлемдерді АЛМАЙДЫ. Сонымен бірге төлем мерзімін кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихының нашарлауына әсер етпейтіндігіне назар аударуды өтінеміз.

+7 701 006 35 35
support@solva.kz