Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

ID Finance жаңа буындағы Solva.kz қаржы компаниясын таныстырды

8 тамызда Holiday Inn Almaty қонақүйінде ID Finance халықаралық қаржылық технологиялар компаниясы БАҚ үшін іс-шара өткізіп, Қазақстандағы қашықтықтан кредит беретін жаңа Solva жобасымен таныстырды. Іс-шараға Қазақстанның ірі БАҚ өкілдерінің журналистері, тәуелсіз сарапшылар мен Бірінші кредит бюросының өкілдері қатысты.

Solva банк кредиттері ыңғайсыз не қолжетімді емес. Кредиттер пайдаланушылар, сондай-ақ кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері үшін әзірленген.

Solva.kz 500 мың теңгеге дейінгі кредитті 12 айға дейінгі мерзімге береді. Бұл үйреніп қалған банк кредиттеріне барынша жақындатылған, бірақ оңай әрі ыңғайлы алуға болатын өнім. Ақшалай қаражатты интернет арқылы тез, ыңғайлы, көп қағаздарды толтырмай, кредит өтінімінің мақұлдануын күтпей алуға болады.

Solva.kz негізгі инновациясы — бұл бірегей скоринг жүйесі. Компанияның шешім қабылдау жүйесі машинаның оқытуын пайдалануға негізделген, тәуекелдерді бағалайтын ықтималдық әдістерін, көптеп іздеу, big data және data mining технологияларын пайдаланады. Жүйе өтініш толтырылып тұрған құрылғыны, сондай-ақ пайдаланушының оны толтыру кезіндегі әрекеттерін бағалайды. Пайдаланылатын әдістер әдетте банктер бас тартатын пайдаланушыларға кредит беру туралы оң шешім қабылдауға көмектеседі.

Бүгін ID Finance әлемнің 6 елінің халқына сәтті кредит беріп келеді. Халықаралық таралу компанияны дамытудың басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Тек жаһандық нарыққа бағыт алған өнім не сервис қана тиімді бола алады. ID Finance компаниясының Қазақстан үшін бірегей сараптамасы мен балама кредит берудегі тәжірибесі бар. Біз технологияларды сәтті импорттаймыз және экспорттаймыз, жинақтаған тәжірибемізді нарық қажет етіп тұрған жаңа сервистер мен қызметтерде іске асыруға ұмтыламыз. Бүгін Қазақстанда кредит өнімдеріне сұраныс өте көп екені байқалады. Халық банктің кредит өнімдерімен қоса, балама кредит беру компанияларының қызметтерін де жиі пайдаланып келеді. Solva стратегиясы жобаны Қазақстанда белсенді дамытумен қатар, ID Finance қызмет ететін барлық елде бизнес ауқымын әрі қарай кеңейтуді көздейді

Борис БатинID Finance негізін қалаушы

Бар болғаны 3 жыл бұрын Қазақстанда толығымен қашықтан істейтін бірінші балама кредит беру сервисі пайда болды. Бұл еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасу жолындағы үздік әлемдік үлгілерге жақындатқан тағы бір қадам болды. Бүгін балама кредит беру сервистері өнімді пайдалану шарттарын үнемі жақсартып отыр, олар барған сайын банк өнімдеріне ұқсап барады. Бұл жалпы әлемдік үрдіс. Solva.kz мақсаты — Қазақстанның кез келген тұрғыны жылдам әрі ыңғайлы сервисті пайдаланып, өмір сапасын жақсартатын жағдай жасау. Онлайн режимде кредит беру қаржы қолжетімділігін қамтамасыз етеді, оған кез келген елдің монетарлық билігі талпынады. Біз халықаралық тәжірибемен және бірегей сараптамамен бөлісуге дайынбыз. Елімізде ашық әрі жоғары технологиялық кредит нарығын құру үшін барлық мүдделі тараптармен өнімді диалог құруға үміттенеміз

Алина ДзоекаеваSolva.kz сервисінің басқарушы директоры

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
ID Finance жаңа буындағы Solva.kz қаржы компаниясын таныстырды - Solva
247 дауыс