Әділ Мұхамеджанов «ОнлайнҚазФинанс МҚҰ» АҚ-ның (Solva) бас директоры болып тағайындалды
«ОнлайнҚазФинанс МҚҰ» АҚ (Solva) Директорлар кеңесі Әділ Мұхамеджановты компанияның бас директоры лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады. Тағайындау туралы тиісті бұйрық 2025 жылдың 7 наурызынан бастап күшіне енді.
Әділ Бектасұлы компания бизнесін дамытуға ден қойып, «ОнлайнҚазФинанс МҚҰ» АҚ-ны екінші деңгейлі банкке трансформациялау процесін сәтті аяқтау үшін бар күші мен тәжірибесін салуды көздеп отыр.
Әділ Мұхамеджанов, «ОнлайнҚазФинанс МҚҰ» АҚ-ның бас директоры:
«Еліміздің банк секторының толыққанды мүшесі болуды көздеген осындай амбициясы жоғары компанияға басшылық ету мен үшін үлкен құрмет. Алда бізді көптеген жұмыстар күтіп тұр, кәсіби командамыз акционерлердің қолдауымен алға қойған жоспарды табысты жүзеге асыру үшін стратегиялық тәсілді ұстанатын болады. Біз клиенттердің сенімі мен қанағаттануын жоғары деңгейде қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлерге бағытталған қызметімізді дамытуды одан әрі жалғастырамыз. Сонымен қатар банк мәртебесіне жету жолында мүмкіндіктерді кеңейту және инновацияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз».
Әділ Мұхамеджановтың қазақстандық ірі компанияларды басқаруда мол тәжірибесі мен қаржы саласында көп жылдық сараптамалық біліктілігі бар. Бұған дейін Әділ “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ және «Отан АЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Бұған қоса ол бірқатар ірі қаржы институттарының Директорлар кеңесінің мүшесі және төрағасы болған.
Ол Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Ноттингем университетін тәмамдап, Chicago Booth University-де МВА дәрежесін алған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Борис Батин, Solva-ның тең құрылтайшысы және ірі акционері:
«Әділ Мұхамеджановтың командамызға қосылғанына өте қуаныштымыз және оның мол тәжірибесі, біліктілігі мен стратегиялық көрегендігі компаниямыздың табысты дамуына және банкке трансформациялану мақсатын іске асыруға үлесін қосатынына сенімдіміз. Әділдің Қазақстандағы компания бизнесіне басшылық етіп, жаңа лауазымда биік жетістіктерге жететініне кәміл сенеміз».
Эхаб Тантави, ZCP инвестициялық компаниясының тең құрылтайшысы және серігі, Solva-ның ірі инвесторы:
«Командаға Әділ Мұхамеджанов сияқты жоғары білікті маманды шақыру компания трансформациялануының осы бір кезеңінде акционерлердің жасаған маңызды шешімдердің бірі. Әділдің Қазақстанның ірі бөлшек банктерінде мол жұмыс тәжірибесі мен МҚҰ-ның банкке айналуына көмектесетін құзыреті бар. Осы ынтымақтастығымыз табысты болып, компанияны жаңа белеске шығарып, кәсіпкерлер мен ШОБ-қа қызмет етуге бағытталған алғашқы банктің құрылуына ықпал ететініне сенеміз».
Бұған дейін «ОнлайнҚазФинанс МҚҰ» АҚ-ның бас директоры қызметін атқарған Аида Имашева бас директордың орынбасары ретінде компанияда жұмысын жалғастырады және ESG саласында компанияның негізгі бастамаларына, соның ішінде әйел кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған «Әйел ісі» жобасына жетекшілік етеді.
Қазіргі уақытта Solva-ның кредиттік портфеліндегі микро және шағын бизнеске қарыз беру үлесі 63%-ды құрайды, 31.12.2024 ж. кредиттік портфельдің жалпы көлемі 115 млрд теңгеге жетті. Компания 2025 жылы ШОБ кредиттері үлесін 70%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.