Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Қазақстандағы FinTech туралы не білу керек?

Жоғары технологиялардың және дәстүрлі қаржы қызметтерінің үйлесімі — FinTech — елімізде қарқын алып келеді.

Нарықтағы аздаған үлесіне қарамастан, қаржылық технологиялар компаниялары қарқынды өсіп келеді және тұтынушылар қажет еткен өнімді «айлыққа дейінгі кредит» нысанында ұсынуда.

Қазақстанда кредитті онлайн режимде беру енді-енді дамып келеді, әзірге бұл сектордың берілген бөлшек кредиттердің жалпы көлеміндегі үлесі 0,7 % аспайды. Бұл жерде мерзімі 30 күннен аспайтын қысқа мерзімдік кредиттер туралы айтылып отыр. Мұндай «айлыққа дейін» сияқты шағын қарыздарға сұраныс көп, алдымен, табысы жоғары немесе тұрақты емес адамдар қажет етеді, олар өздерінің қаржы мәселесін жылдам шешуге мүмкіндік алады. Сондықтан халықты сервиспен таныстыру шамасына қарай қаржылық технологиялар компанияларының клиенттер базасы тез ұлғаяды.

Ресейдегі ірі қаржылық технологиялар компанияларының бірі ID Finance компаниясының негізін қаласушы және бас директоры Борис Батин айтқандай, интернеттің күнделікті өмірімізге салыстырмалы түрде терең енуіне қатысты, қатаң реттеудің жоқ болуы және жылдам кредиттердің сұранысқа ие болуы арқасында Қазақстанда қаржылық-технологиялық жобаларды дамыту, тұтастай алғанда, ТМД-ның басқа республикаларымен салыстырғанда әлдеқайда оңай.

«Қазақстанда қаржылық технологиялар нарығы енді ғана қалыптасып келеді, сондықтан біз тұтынушыларға «айлыққа дейін» нысанында кредитті онлайн режимде беру артықшылықтарын көрсетуге тырысамыз. Мысалы, бүгін кредит алу өтінімін өңдеп, шешім қабылдауға бар болғаны бірнеше минут жұмсаймыз», — дейді Батин мырза — сонымен бірге осы мәселенің әлеуметтік мәнін де ескерген жөн, себебі қаржылық технологиялар компаниясы адамның төлеу қабілетінен артық қарыз алуына жол бермеуі керек.

Бұл тұрғыда Қазақстандағы қаржылық технологиялар нарығының негізгі ойыншылары оны дамытуға және келешегіне жауапкершілікпен қарайды. «Біздің миссиямыз қаржылық технологиялар қызметтерін таныстыру ғана емес, сонымен бірге халықтың қаржы сауаттылығын көтеру, біз қандай да бір келеңсіздіктің орын алу ықтималдығын барынша азайтқымыз келеді. Қазақстандағы қаржылық технологиялар нарығы қазіргі заманғы құқыққа түсінікті ойын ережелерімен негізделуі тиіс», — деп түсіндірді Борис Батин.

Дегенмен Қазақстандағы кредит беру саласындағы қаржылық технологиялар қызметтерінің құқықтық мәртебесі анықталмаған. Кредит беру қызметтерін интернет арқылы көрсететін компаниялар үшін істің мұндай жағдайы қауіпті, себебі мемлекет кез келген уақытта біржақты тәртіппен ойын ережелерін өзгерте салуы мүмкін. Тәуекелді азайту үшін ID Finance және Қазақстанның қаржылық технологиялар қауымдастығы ҚР Ұлттық Банкінің өкілетті органымен диалог жүргізуді бастады. Әрекеттестік мақсаты — заңға тиісті түзетулер енгізу.

Реттеуші органмен жасалатын қарым-қатынастың түсінікті ережелері шыққан бойда, бұл сала инвестиция үшін тиімді бола бастайды. Бұл кредитті онлайн режимде беру сегментіндегі ұсынысты арттырады, демек айлыққа дейінгі ақша бұрынғыдан көп қарыз алушылар үшін қолжетімді болады.

Бірінші кредит бюросының бизнесті дамыту директоры Әсем Нұрғалиеваның пікірінше қаржылық технологиялар нарығы бірден бірнеше бағытта өсе бастайды. Ол төлем сервистері, кредит беру, кейбір банк сервистерін интернетке ауыстыру. «Бұл жерде Еуропаның тәжірибесі қызықты: 2015 жылы Еуроодақ Еуропалық төлем директивасын (Payment Services Directive, PSD2) қабылдады, ол ашық банкинг принципін бекітеді және төлем секторында бәсекелестікті ынталандыруға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Директива банктік емес сервистердің негізгі жұмыс принциптерін реттейді. Ол банктерге қосылып, халыққа қызмет ұсына алатын төлем қызметтері. Бұл секторды қазір реттеу мүмкін емес, себебі заң технологияның даму қарқынына ілесе алмайды. Бұл — қалыпты тәжірибе. Дәл сондықтан Еуропада директива жасауға тура келді. Бұл директиваның негізгі принциптері Еуроодаққа мүше елдердің ұлттық заңдарына кіруге тиіс болады», — деп есептейді сарапшы.

Бұл ретте Бірінші кредит бюросы қаржылық технологиялар нарығын дамуға қолайлы формада реттеу идеясын қолдайды. «Қаржылық технологиялар нарығына реттеуші “құмсалғыштар” принципі бойынша, өзін өзі реттейтін ұйымдардың принципі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін беру қажет, кей жерлерде өз бизнес үлгілерін органның қадағалауымен іске асыруға мүмкіндік беру керек. Бұл нарыққа жылдам әрі дұрыс бағытта дамуға мүмкіндік береді. Қазір қандай да бір қатаң реттеуші шараны ендіргеннен нарық орынсыз бұзылуы мүмкін. Сондықтан бұл нарық қалай дамитынын түсіну өте маңызды. Цифрлық үлгілерге, қаржылық технологиялар үлгілеріне даму қажет, олар Қазақстанға пайдалы нәрсе әкелуі тиіс. Ал кейін негізгі принциптер заңға жетілген күйде енгізілуі керек», — дейді Әсем Нұрғалиева.

Банктік емес кредиттерге тұрақты сұранысы бар Қазақстанда интернеттің таралу деңгейі тұрақты өсіп келеді, ал негізгі ойыншылар ұзақ мерзімді жұмысқа мүдделі болып отыр, қаржылық технологиялар нарығы халықтың да инвесторлардың да мүдделеріне жауап беріп тұр. Оған қоса, дамыған мемлекеттердегідей еліміздің технологиялық тұрғыдан дамуына көмектесетін болады.

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Қазақстандағы FinTech туралы не білу керек? - Solva
247 дауыс