Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Банк ЦентрКредит Solva компаниясына 1,5 млрд. тг. сомасына кредиттік лимит ашты

Solva компаниясы (IDF Eurasia тобына кіреді) және «Банк ЦентрКредит» АҚ 1,5 млрд. тг. сомасына 3 жыл мерзімге кредиттік желіні ашу туралы шартты жасасты. Forbes.kz деректеріне сүйенсек, Банк ЦентрКредит Қазақстан бойынша активтер көлемі бойынша бесінші орында.

Қазақстандағы IDF Eurasia («Солва» бренді) бүгінгі таңда – микро және шағын бизнес (ШОБ) өкілдері мен жеке тұлғаларға қамтамасыз етілмеген микрокредиттер портфелі көлемі бойынша ірі банктік емес ұйым. Компанияның ірі қалалар мен елді мекендерде 150-ден аса өкілдіктерден тұратын желісі бар. 400 мыңнан аса жеке тұлғалар мен ШОБ өкілдері соңғы 3 жылда компания клиенттеріне айналды.

Алғашқы кредиттік желіні ашу компания үшін жергілікті коммерциялық банкпен серіктестіктің мысалына айнала отырып, кемелділігінің жоғары деңгейін білдіріп, IDF Eurasia кредитке қабілеттіліктің тұрақты деңгейін растайды. Компания бөлінген қаражатты операциялық қызметті жақсартуға және агросектор өкілдеріне цифрлық кредиттеуді дамытуға бағытталады.

Константин Барабанов, Қазақстандағы IDF Eurasia бас директоры:

«2022 жылы біз микро және шағын бизнес өкілдеріне арналған өнімдердің желісін елеулі арттыруды жоспарлаудамыз. Сол себептен қаржыландыру агросектор үшін өте маңызды және БЦК ұсынған кредиттік желі осы жоспарымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.»

«Банк ЦентрКредит» АҚ ерекше бизнес моделі бар Қазақстандағы ең алғашқы және ірі коммерциялық банктің біреуіне жатады және еліміз бойынша 130 бөлімшеде толық қызмет көрсетеді. 33 жыл ішінде көптеген кәсіпорындар құрылды және Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосты.  Банк ЦентрКредит белсенді түрде отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, еліміздегі басымды ауыл шаруашылық бағыттарының бірі болып табылатын агросекторды дамытуға өзінің кезекті үлесін қосуға қуанышты. Solva компаниясына білдірілген сенім мен серіктестік үшін алғысымызды білдіреміз» – деді Банк ЦентрКредиттің пресс-қызметі.