Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Қазақстандықтар кредит ұйымдарын қалай таңдайды

Зерттеуге 17 өңірден 5 мың респондент қатысты

Solva жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, Қазақстан тұрғындары белсенді түрде банктер мен МҚҰ арқылы кредит ала бастағандығын көрсетті. Алайда қаржылық қызметтерді жеткізуші таңдау әрқашан рационалды түрде емес екендігі анық. Бірінші кредиттік бюро деректеріне сәйкес 2019 жылы Қазақстанның бөлшек сегментінде берілген кредиттің сомасы 5,4 трлн. теңгені құрап,  2018 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн. теңгеге (37,6%) артқан. Бөлшек портфельдің 7% қарызы микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) мен онлайн-қарыздарды беруге мамандандырылған компаниялар үлесіне келеді.

Әдетте банктер ұсынатын кредиттеу бағдарламалары мен баламалы кредиттеудің айырмашылығы немен ерекшеленетіндігі туралы ақпарат тапшылығы жоқ. Қазақстанда мұндай мәліметтер барлық тұрғындарға қол жетімді, сол себептен клиенттер ұсынылған шарттарды салыстыру оңай. Алайда әлеуеттік қарыз алушының қорытынды шешіміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Solva МҚҰ кредит ұйымын таңдау критерийлеріне қатысты тақырып бойынша әлеуметтік желілерде сауалнама мен фокус-топтарды жүргізді. Зерттеуге Қазақстанның 17 өңірінен 25-65 жас аралығындағы 5 мың респондент қатысты.

88% респондент «Достарымның жеке ұсынымы бойынша» деген пікірді білдірген және осы пікір ең жиі келтірілген. Таңдаудың тиімділігі тұрғысынан мұндай шешімді даулы деп таныса болады, себебі адамның пікірі әрқашан субъективті және сәтсіз тәжірибеге, жеткіліксіз хабардарлыққа, тіпті көңіл-күйге байланысты болуы ықтимал. Шамамен 10% сауалнамаға қатысушылар кредит ұсынатын ұйымды интернеттегі оң пікірлердің санына қарай таңдайды. Бұл әдетте онлайн-дүкен арқылы тауар таңдауға ұқсайды. Таңдауға қажетті басты критерий ретінде 2% респондент өзінің алдыңғы тәжірибесіне сүйенгендігін айтқан. Осылайша егер адам бір рет кредитті нақты банкте немесе МҚҰ-да ресімдесе, ол сол ұйымға қайтып келеді екен.  Бұл ретте кредит ұйымдары әдетте тұрақты клиенттерге ең үздік кредиттеу шарттарын ұсынатындығы анық.

«Ыңғайлы орналасқан орын» нұсқасын сауалнамаға қатысушылардың ешқайсысы таңдамаған. Қазақстанда кредит ұйымдарының кеңсесіне бармастан  интернет арқылы кредитті ресімдеу мүмкіндігі кеңінен таралған.

Қазақстанда кредит ұсыныстарымен қамтылмаған 9,23 млн. экономика саласында белсенді халықтың 1,77 млн.-ға тең бөлігі (19%) бірінші кредит ұйымын өз таныстарының кеңесі бойынша таңдайтындығы анықталды. Оның ішінде онлайн, мақұлдаудың жоғары жиілігі мен ақшаны бірден картаға алу мүмкіндігі секілді МҚҰ артықшылықтарымен таныс адамдар осы нұсқаны өз жақындарына ұсынады және соның нәтижесінде МҚҰ қарыз алушыларының саны артты. 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда берілген қарыздың саны 29%-ға артса, 2019 жылы ҚР МҚҰ соңғы тоқсан ішінде қарыз портфелінің жиынтық көлемі 10,7%-ға артып, 2019 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 258,1 млрд. теңгені құраған. Бұл ретте өсім 37,6%–ды құраған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның кредит жүйесінің қатысушылары 580 мың адамға артқан. Жалпы алғанда, қарыз алушылар 176 млрд. теңгеден асып, адам басына шаққанда кредиттің орташа сомасы 303 мың теңгені құраған.

Алина Дзоекаева, Қазақстандағы IDF Eurasia директоры

ақпарат көзі: Алина Дзоекаева

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Қазақстандықтар кредит ұйымдарын қалай таңдайды - Solva
231 дауыс

Коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының көбеюіне және карантиндік іс-шаралардың күшеюіне байланысты Алматы қ., Наурызбай батыр көш. 8 мекенжайы бойынша орналасқан кеңседе клиенттерге қызмет көрсету 19.07.2020 ж. дейін уақытша тоқтатылды.

Клиенттерге қызмет көрсету онлайн режимінде электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады: support@solva.kz