Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Қазақстандық бизнес немқұрайлық танытпай, мұқтаж жандарға қол ұшын созды

Әлемді жаулаған COVID-19 пандемиясы мен соның нәтижесінде орын алған өзгерістер Қазақстанға да келді. Халықтың аса осал топтарына қолдау көрсету туралы бастаманы отандық бизнес өкілдері де қолдады.

Қауіпті аурудың таралуының жоғары темпі Қазақстан үкіметі 16 наурыздан бастап Төтенше жағдай режимін жариялап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қ. карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ситуация әлі жақсарудан алыс, ұқсас іс-шаралар, оның ішінде карантинді енгізу басқа өңірлерге де таралды. Бұған қоса ТЖ режимінің мерзімі ұзартылуы да ықтимал. Ағымдағы ситуация қарапайым адамдар үшін үлкен өзгерістер алып келді. Тіпті жұмыс пен жеке өмірде елеулі өзгерістердің бастамасы болды. Алайда егер жастар үшін өзін-өзі оқшаулау кезінде ең күрделі міндет қалаға шығу болса, егде адамдар, сонымен бірге «инфекция ошақтарында» қалған тұрғындар үшін «аман қалу» негізгі мақсатқа айналды.

Көптеген адамдар оқиғалардың дәл осылай өрбуіне және проблеманың масштабына дайын болмады, ал жергілікті әкімдіктерде жеткілікті қор жоқ, тиісінше кез келген көмек талап етілетіні анық. Алайда көмек өзін көп күткізбей, жеке бастама бойынша бизнес тарапынан келді. Әрине бұл ретте бірінші президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді түрде материалдық көмекті көрсету туралы үндеуінен кейін де ары қарай өрбіді. Оның ішінде Halyk Bank құрған birgemiz.kz арнайы қайырымдылық платформасының негізінде жұмыс істейтін Bizgirgemiz ұлттық акциясы үлкен танымалдыққа ие болды.

Барлық отандық бизнесмендер коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд. теңгеден асатын сома бөлді. Осы сомаға медициналық тесттер, қорғаныс маскалары сатып алынды, көшелерде тікелей тесттерді жасауға арналған мобильді пункттер орнатылды. Вируспен күресудің эпицентрінде қалған медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры  медициналық қызметкерлерге сыйақы беру үшін, сонымен қатар маскалар мен зарарсыздандырғыш құралдарды сатып алу үшін 200 млн. теңге бөлген. Болат Өтемұратовтың қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавируспен күресуге 200 млн. теңге бөлген.

«Верный Капитал» компаниялар тобы коронавируспен күресу мақсатында құрылған республикалық қорға бір миллион доллар берген.

Бұл бастамаға банктер де қосылды. Мысалы, Halyk Bank коронавируспен күресетін медициналық қызметкерлерге қаржылық қолдау көрсету үшін 100 млн. теңге бөлсе, Сбербанк Қазақстан 50 млн. теңге бөлген. Сонымен бірге BI Group тобының басшысы Айдын Рахимбаев 100 млн. теңге, ал Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов қосымша 60 млн. теңге бөлген.

Халқымыз үшін маңызды осы бастамаға ірі компаниялардың, корпорациялардың және банктердің басшылары болып табылатын танымал бизнесмендерден басқа әрбір көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге дайын адамдар да қосылды. Осылайша Атырау облысы бойынша ҚР Фермерлер одағы филиалының төрағасы, кәсіпкер Мұрат Сарманов Bizbirgemiz қорына бір миллион теңге аударды. Қарағанды қаласының ірі кәсіпкері Ғабдолла Дюсенбаев жергілікті емхана үшін экспресс-тесттерді сатып алуға 5 млн. теңге аударған, ал Ақтоғай ауданының кәсіпкері Дарын Досмахов өз қаражаты есебінен бірнеше материалдық жағдайы нашар отбасыларға бірінші қажеттілік заттарын, гигиена құралдарын және азық-түлік сатып алып берді.

Ұқсас белсенді қызмет Алматы қаласында да кеңінен таралды. Карантинде қалған егде адамдарға көмек көрсетіле басталды. Біріншіден, егде адамдар коронавирус бойынша аса қауіпті топты құрайды, екіншіден, олар азық-түлікке жеке өзі барып келе алмайтын күрделі ситуацияда қалған.

«Алма-Ата» Әйелдер клубының» еріктілерінің күшімен көмекке мұқтаж жандардың есігіне дейін азық-түлік жеткізілді.

Міне, осындай немқұрайлы емес адамдардың көмегімен, үкіметтің жергілікті органдарының, оның ішінде прокуратура, әкімдік пен полиция қызметкерлерінің қолдауымен үйінен шыға алмайтын адамдарға оңай жеткізілді.

Азық-түліктің көлеміне қарамастан оларды сатып алуға елеулі қаражатты Әйелдер клубы мен Solva бөле отырып, көмекті қажет ететін егде адамдарға 16 азық-түліктен тұратын жиынтықты сатып алып жеткізуді өз қолына алған.

«Қазір зейнеткерлерге, егде адамдарға өте қиын, себебі олар қауіп аймағында, екіншіден, өздеріне қажетті азық-түлікті сатып ала алмайды. Жүрегі кең, пейілі таза адамдардың болуы әлемде жақсылықтың бар екендігіне сенуге мүмкіндік береді» – деп акция ұйымдастырушысы Ғалия Қоянбаева пікір білдіре отырып, Solva МҚҰ көмегімен біраз мұқтаж жандарға көмек көрсете алғандығын қуанышпен бөлісті.

 

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Қазақстандық бизнес немқұрайлық танытпай, мұқтаж жандарға қол ұшын созды - Solva
231 дауыс

Коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының көбеюіне және карантиндік іс-шаралардың күшеюіне байланысты Алматы қ., Наурызбай батыр көш. 8 мекенжайы бойынша орналасқан кеңседе клиенттерге қызмет көрсету 19.07.2020 ж. дейін уақытша тоқтатылды.

Клиенттерге қызмет көрсету онлайн режимінде электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады: support@solva.kz