Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Қазақстандағы IDF Eurasia компаниялар тобы қарыз алушыларына қолдау көрсету шаралары

COVID-19 пандемиясы қазақстандықтардың өміріне елеулі түзетулерді енгізді. Қиын жағдайға қарапайым азаматтар ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері тап болды. Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (MoneyMan және Solva брендтері) алғашқы болып өз клиенттеріне Қазақстан аймағында 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін әрекет еткен төтенше жағдай кезеңінде және одан кейін де қолдау көрсетуге ұмтылды. Қолдау көрсету шаралары туралы толығырақ IDF Eurasia тобының операциялық директоры Далида Давлятшина айтып береді.

– Сіздің компанияңыз карантин кезінде қандай қиыншылықтарға тап болып, олар қызметіңізге қалай әсер еткендігі туралы айтып берсеңіз.

– Ағымдағы жағдайда, ең алдымен, қызметкерлерді қысқа мерзім ішінде қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырып, жұмыс үрдістерін қалпына келтіру маңызды болды. Ең біріншіден, нақты техникалық проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары талқыланды. Жаппай жұмыстан босату орын алмады, штат бұрынғы құрамында, сонымен қатар қызметкерлердің жалақы мөлшері өзгеріссіз қалды. Клиенттер үшін мейлінше жайлылықты қамтамасыз ету үшін компания жаңа жағдайларда жұмыс істеуді негізгі міндет ретінде қарастырдық. Біздің командамыз бізге қойылған тапсырманы сәтті орындадық десек те болады.

– Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі негізгі қарыз бен сыйақы сомасын төлеуді тоқтату бойынша іс-шараларды қолданды. Дәл сол мезгілде «Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ директоры Ербол Омарханов БАҚ-ға берген интервьюлерінің бірінде осы іс-шараларды заңнамалық деңгейде қабылдағанға дейін ҚМҰҚ ЗТБ құрамына кіретін микроқаржылық ұйымдар өз қарыз алушыларына қатысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өз дайындығын білдіретіндігін атап көрсеткен. IDF Eurasia тобы осы мәселеге оң көзқарас білдірді. Неліктен компания тіпті кейбір жағдайда өзіне шығын келтіруі ықтимал позицияны ұстанды?

– Біз ең басынан біздің қарыз алушыларымыздың жағдайына кіріп, мұндай іс-шараға ойлана отырып кірістік. Әрине компания күрделі жағдайда қалатындығын біз түсіндік. Алайда оған қарамастан, ең алдымен, біздің қарыз алушыларымызға, яғни жеке тұлғаларға және кәсіпкерлерге қолдау көрсеттік. Кейінірек «Төтенше жағдай кезеңінде халыққа және кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы күшіне енді. Біздің дайындығымызды ескере отырып, мемлекет заңнамалық деңгейде бекіткен дағдарысқа қарсы іс-шаралар біз үшін күтпеген жаңалық болмады, себебі біз оларға дайын болдық.

– Қолдау көрсету іс-шаралары туралы толығырақ айтып беруіңіз. Мұндай көмекті кім ала алады?
– Оның ішінде 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық микрокредиттер бойынша компания 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін тұрақсыздық төлемін, айыппұлдарды және негізгі қарыздың немесе сыйақының мерзімі өткені үшін өсімпұлды есептемейді және алмайды. Екіншіден, төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңінде компания негізгі қарыз немесе сыйақы бойынша төлем мерзімі күнтізбелік 90 күннен аспайтын микрокредиттер бойынша сыйақыны есептеуді тоқтатты. Сонымен бірге азаматтардың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға назар аударылды. Осы категориядағы біздің барлық клиенттерімізге компания микрокредиттер бойынша оларға төлемнің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсыну туралы хабарламаны дереу жіберді. Төлем мерзімін кейінге қалдыруға келісімін берген клиенттерден компания ешқандай да растаушы құжаттарды талап етпеді.

– Төтенше жағдай және карантиндік іс-шаралар кезінде көптеген азаматтар жұмыссыз және жалақысыз қалды. Сол мезгілде олар халықтың әлеуметтік осал топтарының категориясына кірмейді. Олар IDF Eurasia компания тобынан қолдауға ие бола алады ма?
– Әлбетте. Қазіргі сәтте ТЖ режимі алынғанымен, клиенттер 2020 жылғы 14 маусымға дейін компанияға төлем мерзімін ұсыну туралы өтінішпен жүгіне алады. Бұл ретте мұндай клиенттерге өздерінің қаржылық жағдайын нашарлату себебін көрсету қажет. Мысалы, карантин әрекеті себебінен уақытша еңбекке жарамсыздық, жалақының сақталуынсыз демалыста болу, жұмыстан босату, қызметкерлерді қысқарту немесе жұмыс беруші тарапынан жалақыны төлемеу. Сонымен бірге, мысалы, адамда жұмыс орнында болмаудың объективтік мүмкіндігі болмауы ықтимал, шектеулі іс-шаралар себебінен қарыз алушы өзі жұмыс істейтін елді мекен аймағына шыға алмайлы. Басқа да себептер болуы мүмкін. Себептердің барлығын өтініште көрсету қажет. Біздің қызметкерлеріміз сіздің өтінішіңізді он жұмыс күні ішінде қарастырады. Қарыз алушы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезең ішінде төлем мерзімін ұзартуды ала алады.

– Жеке кәсіпкерлер туралы не айтасыз? Осы ситуация олардың әлеуметтік осал топтар қатарына кіретіндігін көрсетті.
Жеке кәсіпкерлер мен өзіне жұмыс істейтін қазақстандықтарда негізгі қарыз бен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды алу мүмкіндігі болады. Жеке кәсіпкерлердің жағдайы төтенше жағдай режимінің әрекет ету кезеңі ішінде келесі себептер бойынша нашарлауы ықтимал: сатылатын тауарлар және қызметтер көлемінің төмендеуі, кідіртулер, жұмысты тоқтату, сатушылардың төлем мерзімін кейінге қалдыруы, қызметкерлердің штаттық санының қысқару немесе өзге объективтік себептер. Осы категориядағы қарыз алушыға бізге тиісті өтінішпен жүгіну жеткілікті.
– Жүгіну үшін шектеулі мерзімдер бар ма?
– Өтініш пен өзге қажетті құжаттарды 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейінгі кезең ішінде кез келген сәтте ұсынуға болады.

– Төлем мерзімін кейінге қалдыру өтініштерін қарастыру үшін комиссия алынады ма?
– Жоқ, қарыз алушылардан төлем мерзімін кейінге қалдыру өтініштерін қарастырғаны үшін комиссиялар немесе басқа да төлемдер алынбайды. Бұл жеке тұлғаларға да, кәсіпкерлік субъектілеріне де қатысты.

– ТЖ режимі аяқталғаннан кейін көптеген өңірлерде карантинді жұмсарту басталды. Бизнестің алдында келесі сұрақ тұр. Карантиннен қалай тиімді шығуға болады? кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған өзіңіздің арнайы жобаңыз туралы айтып берсеңіз.
– Иә, 13 мамырда бізде өңірлердегі жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған жоба іске қосылды. Осы жоба шеңберінде тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылардың қатысуымен қаржылық сауаттылық бойынша вебинарлар ұйымдастырылды. Алғашқы вебинар Павлодар қаласының кәсіпкерлері үшін ұйымдастырылды. Кезекте Қызылорда, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары тұр.
Дағдарыс – бұл төңкеріс, сынақ және тұрақсыздық кезеңі. Бұл өте ауыр сын, өзгерістердің басы. Алайда мұндай өзгерістердің бизнеске әсері түрлі болуы ықтимал: өте қолайсыз нәтижеден бастап жағымды өзгерістерге дейін. Біз осы жоба арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, ағымдағы ситуациядан мейлінше жеңіл шығуға және қызметке жылдам кірісуге көмектескенді қалаймыз.

Басқа жаңалықтар
Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Қазақстандағы IDF Eurasia компаниялар тобы қарыз алушыларына қолдау көрсету шаралары - Solva
231 дауыс

Коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының көбеюіне және карантиндік іс-шаралардың күшеюіне байланысты Алматы қ., Наурызбай батыр көш. 8 мекенжайы бойынша орналасқан кеңседе клиенттерге қызмет көрсету 19.07.2020 ж. дейін уақытша тоқтатылды.

Клиенттерге қызмет көрсету онлайн режимінде электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады: support@solva.kz