Қазақстандағы IDF Eurasia «Қайырымдылық» Ерікті қоғам» қоры аймағын көгалдандыруға қатысты
Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және Moneyman МҚҰ) «Лукоморье» бақ орталығымен және балалармен бірлесе отырып, аутизмге шалдыққан балаларды оқытумен айналысатын «Қайырымдылық» Ерікті қоғам» қорының аймағын көгалдандыру үшін жемісті және сәндік ағаштарды, пайдалы бұталар мен татымды шөптерді отырғызды.
Бүгінгі таңда «Қайырымдылық» Ерікті қоғам» қорында аутизмге шалдыққан 70-ке жуық балалар оқуда. «Аутизмді жеңеміз» орталығы балаларға қоғамға үйренуге және отбасының толық мүшесі болуға көмектеседі. Осылайша IDF Eurasia бастаған көгалдандыру бойынша жоба аймақты сәндердіріп қана қоймай, балаларға маңызды машықтарды үйретуге көмектесуді өзіне міндет ретінде қойған.
«Біздің балаларымыз үшін қандай да бір істі өздігінен жасау өте маңызды. «Ерекше» балаларға егінді жинау қажет деп айтсаң, олар жалпы ойды түсіне бермейді, яғни сөздер арқылы ойды жеткізу қиынырақ соғады. Алайда олардың өзі жемісті жинап, оның дәмін татқан кезде барлығын түсінеді. Біз балалармен бірлесе отырып, ағаштарды егеміз, оларды күтеміз, осылайша балалардың дамуына оң үлесімізді қосамыз» – деді өз сөзінде «Қайырымдылық» Ерікті қоғам» қорының жоба үйлестірушісі Роза Сазанбаева.
Оның айтуынша, балаларда тұрмыста қажетті болатын машықтарды дамыту үшін балалар егінді жинап, тосап қайнатады. Осылайша тәрбиеленушілерге үлкен пайда келтіреді.
Solva МҚҰ-ның бас директоры Анна Максимова компанияның маңызды миссияларының біріне қоғамдық ұйымдарға шынайы қолдау көрсету жататындығы туралы айтты. Осы жобаның негізгі міндеті – ерекше балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету.
«Біз осы бағыттардағы өзіміздің әлеуметтік белсенділігімізді дамытуға тырысамыз, себебі қаржылық дамумен қатар көмекке мұқтаж балаларға және зейнеткерлерге қолдау көрсету секілді әлеуметтік жауапкершілік маңызды. Балалар ағаштарды отырғызуға тікелей қатысты. Осылайша олардың эмоционалдық зияткерлігін дамыту, жеміс-жидекті өсіру, тосап, джем мен компоттарды дайындау, ағаштар мен бұталар үшін жауапкершілікті дамыту мүмкіндігі пайда болады» – деді Анна Максимова ханым.
Барлық ағаштар мен бұталарды «Лукоморье» бақ орталығы ұсынды. Бақ орталығы мен «Лукоморье» тәлімбағының директоры Зарина Самигуллина аймақта 30-дан аса жемісті ағаштар мен бұталар, сонымен қатар 60-тан аса жасанды өсімдіктер отырғызылғандығы туралы айтты. Балалар ағаштарды отырғызып қана қоймай, олардың түрлерін ажыратуды үйрену үшін алма, шие, алша, өрік, таңқурай, қарақат, қарлыған ағаштарының түрлі ассортименті таңдалынды.
«Осы іс-шара балалардың ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Осылайша олар ағаштар мен өсімдіктердің түрлерімен танысады. Біз балалардың қаншалықты қуанғанына, ағаштарды иіскеп, оларды отырғызуға мәз болғандарын, ағаштардың атауларын белсенді түрде қайталап, олармен танысқандығын көріп қуанышқа бөлендік. Олар жауапкершілікті түсініп, олардың экология саласындағы ой-өрісін қалыптастыратындығына, өздері қолдарымен отырғызған ағаштардың жемісін жинауға жақсы уәждеме болатындығына сенеміз» – деп санайды Зарина Самигуллина.