Solva.kz App

Іске арналған ақша
Жүктеу

Алина Дзоекаева, Қазақстандағы IDF Eurasia компаниясының стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры

Неліктен Қазақстандағы шағын бизнеске даму қиын

Көптеген қазақстандықтар өзіне жұмыс істеу арқылы материалдық проблемаларды жеке шеше алады, алайда «дұрыс» бухгалтерлік есептің болмауы қаржылық шектеулерге алып келетін себептердің бірі болып саналуы ықтимал.

2019 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны 1,25 млн. адамға жеткен. Тіркелген аймақтарға қарайтын болсақ, Алматы қаласында 136,3 мың, Түркістан облысында 138 мың және Алматы облысында 128,6 мың адамды құраған. Әдетте қазақстандықтар бизнесті ең танымал салаларда жүргізуге шешім қабылдаған. Атап айтқанда көтерме сауда, ритейл мен көлікті жөндеу саласында 35,4%, құрылыс 9,7%, сонымен бірге ғылыми және техникалық қызмет саласында 5,1% кәсіпкер қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Аскар Мамин келтірген деректерге сүйенсек, Қазақстан экономикасындағы ШОБ үлесі 29,5%-ға жеткен. Алайда дамыған мемлекеттерге бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары, мысалы, Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 56% болса, АҚШ-та – 52%, ал Германияда – 57%.

Бұған қоса жаңа компаниялардың тұрақты өсуіне қарамастан уақытша белсенді емес кәсіпорындардың санының артуы ойландыратын жайт. Өткен жылдың соңында мұндай кәсіпорындардың саны 87 мыңға жеткен және бұл көрсеткіш 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға жоғары.

Микро- және шағын бизнес сегментінде іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келген себептердің бірі ретінде қаржылық қордың тапшылығын қарастыруға болады. Осылайша ranking.kz ресурсына сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша шағын бизнеске кредиттеу көлемі 13,6%-ға қысқарған, 2,4 трлн. теңгеден 2,1 трлн. теңгеге қысқарған. Екінші деңгейлі банктердің тарапынан тұтынушылық кредит көлемінің төмендеуі 71,3%-ды құрап, 324 млн. тг. дейін жеткен. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтардың ішінде қаржыландыруға қол жеткізуді шектеу өте қиынға соғады.

Қазақстандық Solva МҚҰ жүргізге зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, микро- және шағын бизнесті дамыту үшін кредит алу мүмкіндігінің болмауы дұрыс бухгалтерлік есептің болмауымен тікелей байланысты, себебі мұндай кәсіпкерлерде шығын мен табыстың есебі туралы құжаттар, инвентарлық немесе тауарлық айналым құжаттар жоқ. Бұл ретте жеке кәсіпкердің банктен кредит алу мүмкіндігі жоқ десе болады.

Бұған қоса сауда-саттықпен айналысатын ЖК банктік шоттар мен карталарды есепке алмастан тек қана қолма-қол ақшамен жұмыс істейді. Соңғы кезде танымал мобильді қосымшаның көмегімен жасауға болатын ақшалай аударымдар танымалдыққа ие, алайда мұндай деректерді есепке алуға болмайды.

Осы ситуациядан шығудың жолын іздеген жеке кәсіпкерлер жақындарынан және таныстарынан қарызға ақша алады немесе тұтынушылық кредит ресімдейді. Мысалы, Қаскелең қаласының тұрғыны Сандуғаш Қ. дәл осындай шешімді пайдаланып келеді. Сандуғаш киім-кешек сатумен айналысады және оған тұрақты негізде айналым қаражаты қажет. Алайда ол бухгалтерлік есептілікті жүргізбегендіктен, өкінішке орай, ол жеке кәсіпкер ретінде өз атына кредит ресімдей алмайды. Мұндай жағдайда, ақша табудың жалғыз жолы – жеке кәсіпкер ретінде қарапайым ақшалай кредит ресімдеу.
Тәжірибе жүзінде мұндай нұсқа шағын кәсіпкерлер үшін әрқашан қол жетімді бола бермейді, себебі өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлердің табысы әрқашан расталған емес және сол себептен банктер кредит беруден бас тартады. Бұған қоса өңірлердегі ЕДБ филиалдарының саны айтарлықтай көп емес, яғни, ең алдымен, жақын орналасқан банкті табу керек. Мысалы, Түркістан облысындағы тіркелген ЖК үлесі ҚР бойынша жалпы көрсеткіштің 11,1%-н құрайды. Алайда ҚР ЕДБ филиалдары мен бөлімшелерінің үлесі Түркістан облысында ҚР бойынша көрсеткіштің не бәрі 2,8%-н құрайды.

Екінші жағынан Қазақстанда микроқаржылық ұйымдар кеңінен қызмет көрсете отырып, қарыздық портфелін арттырып келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша МҚҰ бойынша өсім 37,6%-ды құрады, яғни кредиттеу нарығында микроқаржылық ұйымдар бүгінгі таңда үйреншікті банк кредитінің баламасы болып қалды.

МҚҰ қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес мұндай компаниялар «халыққа жақын» болады, себебі олар өз қызметтерін тек қана мегаполистерде емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде көрсетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын кәсіпкерлерге банктер мүлдем кредит бермейді. Осылайша 2019 жылдың үшінші тоқсанының соңында Қазақстандағы кәсіпкерлердің саны 2,1 млн. адамға жеткен, олардың 60%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Мұндай кәсіпкерлерге кредит беретін жалғыз қаржылық ұйым МҚҰ болатыны анық.

Мұндай жағдайда қашықтықтан кредиттеу бойынша тәжірибе қызық. Интернеттің, оның ішінде мобильді интернеттің кең ауқымды таралуы нәтижесінде қарыз алушы кредитті әлемнің кез келген нүктесінен ала алады. Өтінім беру үшін компания сайтындағы онлайн-сауалнаманы толтырып, шартты электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландыру жеткілікті.

Жоғарыда аталған қызметті ұсынатын Solva компаниясының нәтижелерін (ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес) қарастыратын болсақ, 2019 жылғы екінші тоқсан ішінде компания ондаған ірі МҚҰ арасында 44,3% үлеспен (11,2 млрд. теңге) микрокредит көлемінің максималды өсуін көрсеткен. Мұндай нәтиже Қазақстанда қаржыландырудың осы түріне деген сұраныстың жоғары екендігін дәлелдейді.

Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға қаржыландырумен байланысты қиыншылықтарды шешу үшін микроқаржыландыру сегментіне назар аударған абзал. Негізінен ШОБ ІЖӨ көрсеткішінің артуын қамтамасыз ете алады, дәл осындай динамиканы Еуропа мен Азияда орналасқан дамыған мемлекеттерде байқауға болады. Оның ішінде мұндай қаржыландыру жаңа технологияларды енгізуді, сонымен бірге қазіргі кезде заманауи экономиканың негізгі драйвері болып саналатын жеке кәсіпкерлерге қарыз беруді қамтамасыз ететін кредит ұйымдарының қызметіне қолдау көрсетуді уәждемелейді.

Таңдау градациясына сәйкес кәсіпкерлер санаттары бойынша сауалнама қатысушылары

Кәсіпкерлердің санаттары Таңдау ішіндегі осы санаттың үлесі (%)
Жеке кәсіпкерлер 65%
Заңды тұлғалардың өкілдері 10%
Шаруа қожалықтарының өкілдері 25%
Таңдау көлемі 600 респондент