Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Ақша үш сағатта беріледі: кәсіпкерлердің көлік пен пәтерді капиталға айналдыру жолы

Кәсіпкерлердің басым бөлігінің негізгі активі — көлігі мен пәтері. Кейде тауар сатып алуға, жөндеу жүргізуге немесе кассалық алшақтықтың орнын толтыруға шұғыл ақша қажет. Дәл осындай жағдайға Solva жылдам шешім ұсынады: үш сағаттың ішінде өтінім қарастырып, ақша береді. Нарық та бұған сұраныспен жауап беріп отыр: соңғы үш айда берілген кредит көлемі шамамен 8 есе өсіп, өтінім саны үш еседен артты.

Solva CEO-сы Павел Кравченконың айтуынша, компанияның бұл өнімдер бойынша басты қағидасы — time to money, яғни клиенттің қажетті қаражатқа барынша жылдам қол жеткізуі.

Solva автокредиттеу қызметін 2026 жылдың жазында серіктес дилерлік орталықтар арқылы іске қосты. Қазір компанияның бес серіктесі бар: Allur, Orbis, Aster, Вираж және Astana Motors. Клиент қарызды тікелей автосалонда ресімдейді. Бұл ретте Solva банктер қаржыландыруға бірден келісе бермейтін кәсіпкерлермен жұмыс істейді. Дилерлік орталықтардан бөлек, өтінімдер брокерлер арқылы да түседі. Өнім Қазақстанның барлық аумағында офлайн және онлайн форматта қолжетімді.

Сұраныс ауқымын сандардан анық көруге болады: тамыздан бастап қазанға дейін автокөлікті кепілге қойып берілген кредит көлемі шамамен 8 есе өсті, ал өтінімдер саны үш еседен артты. Шарт бойынша қаражатты 84 айға дейінгі мерзімге алуға болғанымен, қарыз алушылар оны айналымға салып, берешегін мерзімінен бұрын өтеп жатады.

Компанияның тағы бір жеке өнімі — автокөлікті кепілге қойып берілетін қарыз. Бұл өнімді ресімдеу процесі клиентке бастапқыда тек ЖСН мен телефон нөмірін көрсету жеткілікті болатындай етіп құрылған. Автокөліктердің тізімі мен олардың сипаттамаларын жүйе мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде алады. Өнім офлайн форматта Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларында ұсынылады, ал онлайн ресімдеу Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді.

Тұрғын жылжымайтын мүлікті кепілге қойып берілетін қарыз — тұтынушылық ипотека емес, жеке кәсіпкерлерге арналған қаржы құралы. Ол айналым қаражатын толықтыруға немесе кассалық алшақтықтың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте көп құжат жинаудың қажеті жоқ. Кәсіпкер пәтерін кепілге қойып, қаражатты жылдам алады да, оны бірден бизнес айналымына жұмсай алады. Қарыздың ең ұзақ мерзімі — 10 жылға дейін.

Автокредиттер мен мүлікті кепілге қойып берілетін қарыздар — Solva ұсынатын кең ауқымды қаржыландыру өнімдерінің бір бөлігі ғана. Шағын бизнеске арналған өнімдер қатарында факторинг, коммерциялық үй-жайларды қаржыландыру бар. Сонымен қатар компания лизинг бағытын іске қосуды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат — кәсіпкердің негізгі қаржылық қажеттіліктерін бір жерден өтеп, әртүрлі кредиторларды іздеуге уақыт жұмсамауына мүмкіндік беру.

«Кепілмен берілетін қаржыландыру өнімдері сапалы кредиттік портфель қалыптастыруға және тәуекелдерді нақты бағалауға мүмкіндік береді. Біз бұл бағытты саналы түрде дамытып келеміз: алдымен серіктестермен бірге өнім моделін сынақтан өткіземіз, содан кейін ауқымын кеңейтеміз», — дейді Павел Кравченко.

Қаржыландыру бойынша серіктестік бағдарламаларды «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ (Solva) қарыз алушылардың қолда бар мүлкін кепілге ала отырып, 06.03.2023 ж.
№ 02.21.0004.М ҚНРДА лицензиясына сәйкес ұсынады. Бұл қарыздар ипотекалық қарыз болып табылмайды.