Solva Қостанай облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен клиенттеріне көмек көрсетеді
Solva компаниясы өрт салдарынан қиын жағдайда қалған Қостанай облысының азаматтары мен
бизнесмендеріне көмек көрсетуге дайын. Solva өзінің зардап шеккен клиенттеріне микрокредиттер
бойынша төлемнің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады.
«Solva компаниясының атынан Қостанай облысындағы орман өрті нәтижесінде зардап шеккен
барлық азаматтарға ниет білдіре отырып, сіз және сіздің отбасыңыз қауіпсіздікте және жақын арада
барлық қажетті көмекті алады деген сенім білдіреміз. Solva өз тарапынан Қостанай қ. және Қостанай
облысындағы клиенттеріне жан жақты көмек көрсетуге, оның ішінде ағымдағы кредиттер бойынша
төлем мерзімін кейінге қалдыру және қарыздарды қайта қаржыландыруды ұсынуға дайын» – делінге
компания хабарламасында.
Solva компаниясы ТЖ кезінде Қостанай облысындағы клиенттердің қарыздарына өсімпұлдар мен
айыппұлдар есептелінбейтіндігі туралы қосымша хабарлады. Сонымен бірге мерзімі өткен берешек
туралы ақпарат кредиттік тарихта көрсетілмеуін қамтамасыз ету үшін кредиттік бюролармен жұмыс
жүргізілетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша компанияның қолдау көрсету қызметіне +7 701 006 35 35 нөмірі
және support@solva.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.