S&P Global Ratings агенттігі Қазақстандағы микро- және шағын бизнесті кепілзатсыз кредиттеу саласында көшбасшы болып табылатын «ОнлайнКазФинанс» (Solva) МҚҰ-ның кредиттік рейтингін көтерді
S&P Global Ratings агенттігінің талдаушылары «ОнлайнКазФинанс» (Solva) МҚҰ рейтингтерін «B-/B» дейін, тұрақты жорамалмен арттырды. Сонымен бірге компанияның рейтингін ұлттық шәкіл бойынша «kzB+» көрсеткішінен «kzBB-» дейін өзгертті.
«2022 жылғы шілдеде ұйымның корпоративтік құрылымын өзгерту аяқталды, оның нәтижесінде Қазақстанда жүргізілетін барлық операциялар басқа мемлекеттердегі бизнестен заңды түрде тәуелсіз болды» – делінген S&P Global Ratings есебінде. Рейтингтік агенттік осы фактор Solva компаниясының дамуына оң әсер ете отырып, операциялық тәуекелдіктерден бастап қаржылық тәуекелдіктерге дейін қорғауды қамтамасыз етеді.
Холдингтік компанияның рөлін корпоративтік құрылымды түрлендіргеннен кейін «Астана» Халықаралық қаржы орталығында тіркелген Solva Group Ltd. компаниясы орындай бастады. Меншіктің құрылымының негізгі өзгерісі – Израиль азаматтары болып табылатын компанияның негізін қалаған Борис Батин мен Александр Дунаев енді Solva Group Ltd. үлестеріне тікелей ие болуында.
Операциялық тиімділік сонымен бірге рейтингтік агенттіктің назарында қалады. S&P Global Ratings есебіне сүйенсек, компания қазіргі таңда жоғары нәтижені ғана емес, автоматтандырудың және операцияларды цифрландырудың жоғары деңгейін көрсете отырып, өнімнің немесе қызметтің нарыққа жылдам шығуын, тиісінше клиентті ұстап қалу деңгейін жоғары көрсеткішін қамтамасыз ететіндігі көрсетілген.
Solva рейтингі бойынша тұрақты жорамал Solva компаниясының банкке жоспарлы трансформациясына оң әсер ететіндігін білдіреді. Талдаушылар компанияның 2023 жылғы мақсаты – банктік лицензияны алып, ұйымның кредитке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету деді.
Solva Group Ltd. бас директоры Константин Барабановтың сөзіне сүйенсек, компанияда өткен корпоративтік түрлендірулер, корпоративтік құрылымды жеңілдету реттеуіш және операциялық тәуекелдіктерді төмендетуге ғана емес, МҚҰ-дан лицензия алған банкке трансформациясы мақсатының жақын екендігін дәлелдейді. Осылайша компания микро- және шағын бизнеспен жұмыс істей алатын Қазақстандағы кредиттік-қаржылық ұйымға айналу мүмкіндігін мейлінше арттырады.
«Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан Республикасының 28 мыңнан аса шағын және микрокәсіпкерлері біздің белсенді клиенттерімізге айналды, тиісінше Solva Group ай сайын еліміздің барлық өңірлеріндегі біздің бизнесмендерімізден 11 мыңнан аса өтінімді өңдейді. Solva қосымшасы немесе сату нүктелері арқылы кәсіпкер бір күн ішінде кез келген мақсатқа, мысалы, фермер шаруашылығына қажетті сауу аппаратын, сатуға арналған перделер партиясын сатып алуға, аяқ-киім өндірісіне арналған материалды төлеу, жаңа дәмхана ашуға және т.с. ақша ала алады. Біз клиенттерімізге жылдамдық пен жайлылықты ұсынамыз, ал клиенттерімізден «Solva бізді құтқарады!» деген кері байланысты естиміз» – деді Константин Барабанов.
Қазіргі сәтте микро және шағын кәсіпкерлерді кредиттеу нарығын не ұстап тұр деген журналисттердің сұрақтарына жауап беру барысында Solva өкілі, ең алдымен, МҚҰ-ға арналған қорландыру көздерінің шектеулілігін атап өтті.
«Біз банктермен, сонымен бірге ұлттық және халықаралық институционалды инвесторлармен тұрақты негізде диалог жүргізе отырып, ШОБ клиенттеріне қатысты тиімді цифрлық скоринг саласындағы тәжірибемізбен ғана емес, қалада және ауылда заманауи тәсілдермен кредиттік қаражатты ұсына отырып, ұлттық кәсіпкерлікті дамытуға қосатын елеулі үлесіміз туралы ақпаратпен бөлісеміз. Соңғы жылы біз Қазақстан мен шетелде ШОБ-ны кредиттеуге қатысты қолдаудың артып келе жатқандығы анық. Түрлі қарыз құралдары арқылы ШОБ-ны кредиттеуге белсенді қолдау көрсетумен «ДАМУ» қоры айналып келеді. Қор оның ішінде пилоттық жоба ретінде өңірлік бағдарламаға факторингті енгізуі микроқаржылық ұйымдар арқылы ШОБ-ға жеңілдікті кредиттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді» – деді компания өкілі.