Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Зат/қызмет төлемін қалай жасау керек

Артқа

Кез келген банк терминалдары мен төлем құрылғылары арқылы

Лайт Картасы жанасымсыз төлемдер технологиялары көмегімен кез келген банктің, мысалы, Kaspi немесе Halyk, терминалдары мен төлем құрылғылары арқылы төлем жасауға бейімделген. Сол себепті дүкендердің немесе сауда нүктелерінің барлығында дерлік сауда жасауға мүмкіндік бар.

Төлемді қалай жасау керек:
  1. Сатушыға картамен төлейтініңізді айтыңыз.
  2. Егер цифрлық картаны қолданып жүрсеңіз, смартфоныңыздағы Лайт Картасы бар цифрлық әмияныңызды ашып, оны төлем терминалына тигізіңіз. Цифрлық әмиянды қалай қосу керектігін осы жерден оқыңыз.
  3. Егер Лайт Картасының пластик нұсқасын қолданып жүрсеңіз, оны төлем терминалына тигізіп қана қойыңыз.

Онлайн-дүкендердегі төлем

Лайт Картасы арқылы интернет-дүкендерінде сатып алған зат/қызмет төлемін оңай әрі қауіпсіз жасауға болады. Ол үшін тапсырыс берген кезде, төлемнің осы тәсілін таңдап, картаңыздың деректерін енгізіңіз.

Төлемді қалай жасау керек:
  1. Solva қосымшасына кіріп, картаңыздың реквизиттерін біліп алыңыз.
  2. Зат/қызмет ақысын төлегенде реквизиттерді енгізіңіз.

Мобильді қосымша

Лайт Картасын мобильді қосымшаға тіркеп, такси, тамақ жеткізу, стриминг сервистеріне жазылу, маркетплейстерде сауда жасау сияқты төлемдерді жасауға болады.

Төлемді қалай жасау керек:
  1. Solva қосымшасына кіріп, картаңыздың реквизиттерін біліп алыңыз.
  2. Қосымшадағы жеке кабинетіңізде төлем жасау тәсілдеріне картаңызды қосып, оның реквизиттерін енгізіңіз.