Выберите один из доступных языков (Сізге ыңғайлы тілдердің бірін таңдаңыз):
RU KZ

Кредит на недвижимость

Solva — Қазақстан нарығы үшін мүлдем жаңа өнімді ұсынатын жаңа буындағы қаржы компаниясы. Сервистен алуға болатын ұзақ мерзімді онлайн кредиттер тиімді шарттарымен және ыңғайлы рәсімдеу процедурасымен ерекшеленеді.

Solva сервисіндегі онлайн кредиттердің ерекшелігі неде?

Solva кредиттері ұзақ мерзімге кредит берумен және қомақты сомалармен ерекшеленеді. Бүгін сервистің клиенттері 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін соманы 6, 9 не 12 айға дейінгі мерзімге қарызға ала алады. Біздің қарыз алушыларымыздың көпшілігі пәтер алуға немесе басқа жылжымайтын мүлік сатып алуға кредит рәсімдейді. Алған ақшаны ипотека бойынша бірінші жарнаны салу немесе ай сайынғы төлемді өтеп, мерзімді кешіктіргені үшін айыппұлдың есептелуінен құтылу үшін пайдалануға болады.

Solva сервисіндегі онлайн кредиттердің бірегей болуының себебі — олар шарттары бойынша банк кредиттеріне барынша жақындатылған, бірақ кеңсеге жеке келуді талап етпейді.

Онлайн сервистегі пайыздық мөлшерлеме — барлығы күніне 0,10–0,13 %. Біз тұрғын үй кредиттерін қолжетімді әрі тиімді етіп жасаймыз.

Solva компаниясынан пәтер алуға кредитті кімдер ала алады?

Банктер қарыз алушыларға кредит беруден әртүрлі себептермен жиі бас тартады. Бұл кредит тарихының мінсіз болмауы, тұрақты жұмысының болмауы. Сонымен бірге банкте мәміле рәсімдеу үшін көп жағдайда кепілзат қою, кепілгер табу, сақтандыру полисін төлеу талап етіледі. Нәтижесінде студенттерге, зейнеткерлерге, ресми түрде жұмысқа тіркелмеген адамдарға, бала тууға байланысты демалыстағы аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтарына кредит беруден бас тарту пайызы үлкен болғаны байқалады.

Solva компаниясы қарыз алушыларға минималды талап қоятынымен ерекшеленеді, осының арқасында бас тарту пайызын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік пайда болды. Біз Қазақстанның 18 жасқа толған және тұрақты табыс көзі бар азаматтарына онлайн кредиттер береміз. Сіз табыс туралы анықтама немесе басқа да құжаттар ұсынбайсыз. Мәмілелер жеке куәлік пен ЖСН бойынша рәсімделеді.

Күн сайын банк кредиті қолжетімді емес мыңдаған клиентке қаржы проблемаларын шешуге көмектесеміз. Бұған кредит скорингінің жетілдірілген процедурасының арқасында қол жеткізу мүмкін болды. Қарыз беру туралы шешім қабылдау үшін рәсімдеу кезінде көрсеткен ақпарат жетілікті.

Барлық өтінім автоматты түрде өңделеді, сондықтан қаражаттың жетпей тұрған сомасын, мысалы, ипотекалық кредитті өтеуге қажет соманы өтінім жасаған күні алуға болады.

Қосымша артықшылықтар

Біз қаржы өнімдерін қарыз алушыларымыз үшін барынша жайлы етуге ұмтыламыз. Клиенттер онлайн кредиттерді өздері басқара алады:

    • қарызды уақытылы өтеуге мүмкіндік болмай қалғанда, кредит тарихын бұзбай сақтап қалу және мерзімін кешіктіргені үшін есептелетін айыппұлды төлемеу үшін төлем жасау мерзімін 1–4 аптаға ұзарту;
    • кредит қаражаты қажетсіз болып қалғанда, қарызды бөліп немесе толық өтеу және артық төлем мөлшерін азайту (қолдау көрсету қызметіне электрондық хат жолдап, ниетіңіз туралы алдын ала хабарлау керек);
    • онлайн кабинетте өтеу мерзімін, қарыз сомасын бір қимылмен тексеру;
    • ақшаны алу тәсілін таңдау — банк картасы немесе шот;
  • ыңғайлы өтеу тәсілін таңдау — банк картасымен, банктік аударыммен, «Қазпошта» АҚ шотынан, QIWI және Kassa24 терминалдары арқылы қолма-қол ақшамен немесе QIWI және Kassa сервистері арқылы электрондық ақшамен.

Онлайн кредит алу үшін бар болғаны 8 минут жұмсап, Solva сайтында анкетаны толтырыңыз. Біз шартқа қол қойдыру үшін курьерді тегін жібереміз. Қарыз алушылардың 94 % қаражатты шартқа қол қойған күні немесе келесі күні (банктің жұмыс істеу шарттарына байланысты) алады.

Сауалнаманы толтырып, лезде шешім алыңыз!

Осы өнім үшін пайдаланушылар рейтингі
star
star
star
star
star
5
Жылжымайтын мүлікке берілетін кредит - Solva
247 дауыс