Қазақстанда төлқұжатсыз кредит алу мүмкін емес. Дегенмен банктер клиенттерден көп құжатты талап етсе, микроқаржы компанияларында жеке куәліктің болуы жеткілікті. Solva онлайн сервисі пайдаланушыларға тиімді шарттар мен тез рәсімдеу процесін ұсынады. Клиенттеріміздің 94 % ақшаны өтінім жасаған күні алады.
Solva қаржы компаниясы ұзақ мерзімді кредит беруге маманданған, олар шарттары бойынша банк кредиттеріне жақындатылған, алайда қарыз алушыларға жұмсақ талап қою арқасында қолжетімді болып қала бермек. Solva сервисінде төлқұжатсыз кредит алу мүмкін емес, алайда жеке куәлік пен ЖСН-дан басқа құжат қажет болмайды. Қызмет 18 жасқа толған барлық азаматқа қолжетімді.
Онлайн сервисте банктермен салыстырғанда бас тарту пайызы әлдеқайда төмен, оған өтінімдерді қарау мен төлем қабілетін бағалаудың жетілдірілген жүйесі арқасында қол жеткізілді. Біз жұмыспен қамтылғанын тексермейміз, табыс туралы анықтаманы талап етпейміз. Шешім пайдаланушы сауалнамада көрсеткен деректер негізінде қабылданады.
Осындай талаптардың арқасында бізге банктер төлқұжатсыз, табыс туралы анықтамасыз және басқа да құжаттарсыз кредит беруден бас тартқан клиенттер күн сайын хабарласады. Олардың арасында студенттер мен зейнеткерлер, тұрақты жұмысы жоқ адамдар, бала тууға байланысты демалыстағы әйелдер бар. Қарыз алушылардың осы санатын банктер көбінесе төлеуге қабілетсіз адамдар тобына жатқызады.
Solva кредиттері — бұл бірегей қаржы өнімі, ол шарттары бойынша банк кредиттеріне барынша жақындатылған, алайда ыңғайлы рәсімдеу мен қарыз алушыларға минималды талап қою арқасында аса қолжетімді болып қала бермек.
Біздің компаниямыз бүгін 200 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі соманы 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге қарызға береді. Барлық комиссиясын есептегенде максималды артық төлем жылдық 56 %-дан аспайды, көп жағдайда одан да төмен.
Осындай шарттардың арқасында бізге ипотека жарнасын салу, автокөлік сатып алу, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, демалысқа бару сияқты үлкен мақсаттарды іске асыруға қаржысы жетпей тұрған қарыз алушылар хабарласады. Біз айлыққа дейінгі жедел кредит бермейміз, біз ұзақ мерзімді келешекте қаржы ахуалын жақсартуға көмектесеміз. Клиенттер ақшаны қазір алып, 6 айдан 3 жылға дейін қолайлы өтеу схемасын таңдай алады.
Төлемді кез келген ыңғайлы жолмен жасауға болады:
Кредит алу үшін сайтта өтінім қалдыру жеткілікті. Мұны кез келген мобильді құрылғыдан немесе компьютерден жасауға болады.
5. Ақшаның банк шотына аударылғанын күтіңіз.