Solva компаниясы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРжДА) жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинарды өткізді. Курс тыңдаушылары – «SOS Балалар үйі» ұйымының жасөспірімдері.
«SOS Балалар үйінің» тәлімгер ұстазы Карла Кашакова «Жастарға қамқорлық» бағдарламасына 16-23 жас аралығындағы жетім балалар қатысатындығы туралы айтты. Олар жеке ересек өмірге қажетті машықтарды және алғашқы білімін алады. Тиісінше Solva компаниясы ҚНРжДА-мен біріге отырып, арнайы оқытушы семинарды әзірледі.
«Көптеген жастар кредиттеу туралы ештеңе біле бермейді. Олар жылдам кредит ресімдеп, оны өтеу тәсілдерін біле бермейді. Кейбір жастар болашақта үй жайлы болуды қалайды. Оларда алайда жинақ жоқ, ал шығындар әрдайым болады. Сол себептен өмірде қажетті машықты қалыптастыруға көмектесетін қаржылық сауаттылық туралы білім өте маңызды» – деді ұстаз.
Іс-шараға шамамен оннан астам балалар мен 16-23 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Олардың көбінісінде тұрақты табыс бар, сол себептен болар олар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы өте өзекті.
«Балалар мен жасөспірімдерге қаржылық сәттілік пен қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу бойынша семинар барысында жоспарлау, бюджетті әзірлеу және қаржылық мақсаттарды қою секілді сұрақтар жан-жақты қарастырды» – деді Solva компаниясының ұйымдастырушылық даму жөніндегі директоры, «Сәтті қаржыландыру» курсының авторы, қаржы сала бойынша сертификациядан өткен сарапшы, семинар спикері Роман Маргацкий.
Оның сөзіне сүйенсек, тыңдаушыларда семинарға қызығушылық деңгейі жоғары болды. Инвестицияларға қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Балалардың сұрауы бойынша инвестициялау мен жинақ құралдарына қатысты тақырыптар талданды. Бұған қоса әлемдегі ағымдағы ситуациямен, сонымен бірге қазақстандық және халықаралық нарықтардағы ағымдағы тәуекелдіктермен байланысты сұрақтар қосымша талқыланды.
«Балалар мен жасөспірімдерге тиімді жинақтау, сонымен бірге бір ай ішіндегі тұрақты және айнымалы шығындарды анықтау, бюджетті бөлу бойынша құралдар ұсынылды. Мысалы, 50/30/20 құралы, мұндағы 50% – тұрақты шығындарды өтеуге арналған табыс, 30% – айнымалы қажеттіліктер, 20% – капиталды қалыптастыруға және жинақ жүргізуге арналған міндетті табыс» – деді лектор.
«Мен депозитті қалай ашуға болатындығын, оның қажеттілігін және болашақта қажет болуы ықтимал екендігін түсіндім. Семинар маған қызықты болды, пайдалы ақпаратты алдым» – деді Александр Кайнаров.
Агенттік Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде мұндай іс-шараны өткізу сұрағын көтерді деді өз сөзінде ҚНРжДА-ның Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сауле Ынтыкбаева.
«Біз түрлі оқыту іс-шараларын белсенді түрде жүргіземіз. Оның ішінде халықтың түрлі санаттарына арналған қаржылық сауаттылық бойынша лекциялар, тренингтер мен вебинарлар қарастырылған. 2022 жыл бала жылы деп жарияланғандықтан, біз жасөспірімдер арасындағы қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға назар аударудамыз» – деді Сауле Ынтыкбаева.
Оның ішінде ҚНРжДА сәуір айынан бастап ЖОО мен колледж студенттерімен кездесулер мен лекцияларды өткізе бастады. Сонымен бірге мектептерде агенттік сарапшыларының қатысуымен тақырыптық сағаттар ұйымдастырыла бастады. Бұған қоса Агенттік мектептерде алаяқтыққа қарсы әрекет ету және қаржылық пирамидалар бойынша лекцияларды ұйымдастыруда.