Қаражат жалақы түскенге дейін бітіп қалатын кездер болады. Сондай сәтте сіздің табысыңызға өмір сүру мүмкін емес секілді ойға тап боласыз ба? Бұл ретте ірі сауда жасау жоспарыңызда бар ма? Мұндай ситуацияның туындауына қаржылық жоспардың болмауы алып келуі ықтимал. Қаржылық жоспарды құрастырған кезде сіз қаражаттың неге жұмсалатындығын нақты түсінесіз. Сонымен бірге сіз үнемдеудің және қаражатты жинаудың, бұған қоса өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық тәуекелдіктен қорғаудың тәсілдерін түсінетін боласыз.
Отбасының қаржылық жоспары неден тұрады?
Шын мәнінде жоспарлау – ұзақ мерзімді перспективада ақша ағынын жорамалау. Мұндай жорамалдау жоспарлауға, қашан және қандай соманы жинауға, қаражатты қалай жұмсауға болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Адамдар арасында қаржылық жоспардың мақсаты шығын көлемін азайтуда деген пікір қалыптасқан. Бұл әрқашан шындыққа жата бермейді. Практикада жоспарлау күтпеген шығындардан арылуға, келесі шығындарды (мүлік салығы, көлікті сақтандыру және т.с.с.) уақытылы төлеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспар қай кезде пайдалы?
Әрқашан Мысалы, сіз ескі көлігіңізді сатып, жаңа көлік сатып алуды жоспарладыңыз делік. Көлік құралын алдағы 6 ай ішінде ауыстырамын деп шешім қабылдадыңыз. Ол үшін сізге қосымша сома қажет. Бұл жерде жетіспейтін қаражатты қайдан алуға болады деген сұрақ туындайды. Қарыз алу, жинау немесе кредит алу? Алты ай ішінде қаражат жинау мүмкін бе әлде қосымша уақыт талап етіледі ме?
Егер сізде қаржылық жоспар болса, сіз әрқашан табысты/шығынды қалай басқаруға, белгіленген уақытта қалай қалай ақша жинауға болатындығын, кредит бойынша тұрақты төлемдер сізге қалай әсер ететіндігін білесіз.
Қаржылық қиындықтары жоқ тұлғалар үшін де жоспарлау маңызды. Оның артықшылығы – ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатты (мысалы, білім алу, қартайған шақта қаражатты жинау немесе бюджетті арттыру) ұстану.
Жоспарлау кезінде нені есепке алу қажет?
Жоспарды әзірлеген кезде отбасы мүшелерінің мүдделерін ескеріңіз. Балалар есейген сайын тұрақты негізде киім-кешекті, аяқ-киімді және т.с.с. сатып алу талап етіледі. Ал ата-аналар демалысты қалайды. Ортақ жалпы мақсаттарды білу және оларға қол жеткізуге мүдделі болу отбасының барлық мүшелеріне қатысты. Бұл қаржымен байланысты отбасы ішіндегі конфронтацияны азайтуға мүмкіндік береді.
Тағы бір маңызды жайтқа инфляция жатады, себебі жоспарға тауарларға/қызметтерге бағаның жалпы өсуі әсер етеді. Егер жылдың басында белгілі бір табысқа (мысалы, жалақыңызға) сіз тауарлардың бір көлемін сатып алуға мүмкіндігіңіз болса, жылдың соңында бұл көлем инфляцияның арту есебінен төмендейді. Инфляция ескерілген жоспарға өзгерістерді енгізуді жоспарлаған кезде нақты ситуация ескерілетін болады.
Қаржылық жоспарлауды неден бастауға болатындығы туралы ақпаратты келесі материалдан оқыңыз.