Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Интернет-қылмыстар: Қаржылық алаяқтықтың құрбаны болмаудың жолдары

Әлеуметтік инженерия дербес деректерді ұрлаудың және қаржылық алаяқтықтың құралының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Интернет-қылмыскерлері қатары жыл сайын жүздеген адамдармен толықтырылады. Оның алдын алу үшін алаяқтықтың ең кеңінен таралған әдістерімен танысу жеткілікті.

Қысқа мерзімде үлкен табыс алу, табыс табудың түсініксіз шарттары немесе қомақты табыс алу үшін ақшалай қаражатты салу ұсыныстары әдетте сізге алаяқтардың ісі екендігін білдіреді. Алаяқтар кәсіби түрде заңды бизнеспен айналысатын секілді көрінгендіктен, алаяқтарды кездестірмеген адамдарға оларды танып білу қиынға соғады. Қазақстандағы Solva тобы интернет желісіндегі кеңінен таралған сызбаларды талдады.

Мысалы, кепілдендірілген сыйақысы бар инвестициялық жоба әрқашан қаржылық пирамиданы жасырады. Сонымен бірге мұндай жобалар әдетте жаңа қатысушыларды тартуды немесе белгілі бір ақшалай қаражатты енгізуді тұспалдайды. Бұл сегментке желілік маркетинг компаниялары да жатады. Бұған қоса кейбір алаяқтар жеке мүлікті кепілге қойып, табысқа кенелуді ұсынады. Алайда бұл қылмыстық махинациялардың шағын ғана бөлігі болып табылады.

Қауіпті сауда

Онлайн-шоппинг дамыған кезде алаяқтар сауда интернет алаңдарында белсенді бола бастады. Әдетте аферисттер мұндай платформаларда тауарлар мен қызметтерді сату туралы хабарламаларды жариялайды. Әлеуетті сатып алушылар толық төлемді жасауға келіскеннен кейін ғана тауарды жіберуге келіседі. Ал шынында сатып алушылар тауарды да, ақшаны да алмайды.

Бұған қоса кері сызбада жұмыс істейді. Алаяқтар сатушы қойған тауарды сатып аламын деп хабарласады. Мұндай «сатып алушы» әдетте басқа қаладамын деп тауарды көруге қызығушылық білдірмейді. Ақшаны аудару үшін алаяқ картаның нөмірін ғана емес, сатып алушының дербес деректерін немесе банктік картаның деректемелерін сұрайды. Алаяқ картаның нөмірін пайдалана отырып, банктің қосымшасында тіркеліп, ары қарай ақшалай қаражатты ұрлауға немесе кредиттерді ресімдеуге тырасады. Ол үшін алаяқ қандай да бір операцияларды растау үшін СМС кодты жіберуді өтінуі ықтимал.

Ақшалай қаражатты аудару үшін шоттың IBAN шотты және ЖСН сұрау салу – кеңінен таралған алаяқтықтың бірі. Алаяқтар клиент ретінде түрлі сауда алаңдарында кездеседі. Өкінішке орай, көптеген адамдар жеке ақпаратын ешқандай күмәнсіз өздері береді де, осылайша олардың артына кредиттер ресімделеді.

Ұқсас сценарий көлік алаяқтықта да кездеседі. «Сатып алушы» сатушыдан СМС кодтар мен дербес деректерді сұрайды. Алаяқтар өте төмен бағамен тартымды жылжымайтын мүлікті сатып алуды ұсынуы да ықтимал. Әдетте мұндай мүліктің «иесі» басқа мемлекетте болады және құжаттарды ресімдеу үшін сатып алушы алдын ала төлемді енгізгеннен кейін келемін деп сендіреді. Ақшалай қаражатты алғаннан кейін «сатып алушы» жоқ болып кетеді.

Бұған қоса отбасылық алаяқтық деген ұғым бар. Алаяқтар жақын туыстарының дербес деректеріне қол жеткізуге ие болып, ата-апаларына, ата-анасына және т.б. туыстарына қарыз ресімдейді.
Карантин кезінде банктік алаяқтық кеңінен таралды. Мыңдаған қазақстандықтар өздерін банк қызметкерлері деп таныстырған алаяқтардан жаппай қоңыраулар қабылдады. Өзін банк менеджері ретінде таныстырған алаяқтар клиенттің карталары немесе шоттары бойынша күдікті операциялардың жасалғандығы туралы хабарлайды. Одан кейін қорқыту мен манипуляцияның көмегімен жеке ақпаратты алып, ақшаны үшінші тұлғаларға ресімделген арнайы сақтандыру шоттарына аударуға мәжбүрлейді. Осы әдістерді пайдалана отырып, алаяқтар сонымен бірге ірі сомаға кредиттерді ресімдейді, ал мұндай кредитті кейін алаяқтық құрбаны төлейді.

Алаяқтар кімді таңдайды?

Өкінішке орай, алаяқтық қақпанына сенімді және қаржы саласында сауатсыз адамдар түседі. Кейде мұндай алаяқтық сызбаларға технологияларды білетін, сонымен қатар жастар түседі. Әдетте 20-65 жас аралығындағы барлық экономикалық белсенді азаматтар қауіп аймағында болады. Алаяқтар өзінің дегеніне жетіп, азаматтың атына кредит ресімдеп үлгерген жағдайда, қаржылық ұйымға, сонымен бірге құқық қорғау органдарына жүгініп, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым қалдырыңыз. Кредиттік ұйым кредитті алаяқтар ресімдегендігіне дәлел таппаса, адам сотқа жүгінуге құқылы.

Мұндай ситуациялардың алдын алу үшін мамандар үшінші тұлғаларға дербес ақпаратты, карталар мен шоттардың деректерін, сонымен қатар СМС кодтар мен кодтық сөздерді хабарламауға кеңес береді. Бұған қоса күмәнді қаржылық сызбаларға жоламауы және қандай да бір кепілдіксіз үшінші тұлғаларға ақша аудармауы тиіс.