Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Solva Түркістан қаласында қаржылық сауаттылық бойынша лекцияларды өткізеді

Қазақстандағы Solva  №1 Қаржылық сауаттылық мектебімен бірлесе отырып, Қазақстандағы Микроқаржылық ұйымдар ассоциациясының қолдауымен Түркістан қаласында қазақ тілінде тегін екі күндік семинар өткізеді. Жоба өткен жылы Solva компаниясы республикамыздың қалалары мен өңірлерінде бастаған қаржылық сауаттылықты дамыту бойынша бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Түркістан облысы еліміздің ең жас облысы болуына қарамастан, өңірдегі кредит саны аса жоғары. Қазақстандағы  Solva тобының  талдаушыларының деректеріне сүйенсек, берілген кредиттердің саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау қалаларынан кейін төртінші орында.

«Түркістан облысында табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың саны ең жоғары. Бұл көрсеткіш 11,2%-ға тең. Түркістан облысы тұрғындарының 57,3% тұтынушылық шығыны азық-түлікке жұмсалатындығы анықталды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш» – дейді мамандар.

Бүгінгі таңда облыста қаржы туралы білім тапшылығы сұрағы тұр. Осыған байланысты Solva тобы №1 Қаржылық сауаттылық мектебімен бірлесе отырып, өңірде қаржылық сауаттылығы туралы семинарларды өткізу туралы шешім қабылдады.

«Біздің компания қазақстандықтар арасында қаржылық сауаттылығын дамыту миссиясын жалғастырып келеді. Республика азаматтарының қаржылық жағдайын түсіну үшін өңірлердегі кредиттер мен берешек көлемінің деңгейі талқыланды. Бірнеше облыстар, оның ішінде Түркістан облысы бойынша алынған нәтижелер үрей тудырады. Ситуацияны жақсарту мақсатында компания семинар өткізетін келесі қала ретінде Түркістан қаласын таңдады», – деді өз сөзінде Қазақстандағы Solva тобының операциялық директоры Далида Давлятшина.  

 

Қаржылық сауаттылық мектебінің сарапшыларымен бірлесе отырып әзірлеген семинар бағдарламасы отбасылық бюджет, жеке қаржыны басқару секілді сұрақтарды қамтиды. Семинар қатысушылары сонымен бірге кредит түрлерін ажыратуды үйренеді, қайта қаржыландыру мүмкіндіктерімен танысып, өзінің кредиттік тарихы туралы көбірек білетін болады. Лектор ретінде осыған дейінгі семинарларды жүргізген тәжірибелі қаржыгер, бизнес-жаттықтырушы, «Атамекен» ҰҚП сертификатталған жаттықтырушы, Қаржылық сауаттылық мектебінің директоры Ақжүніс Брасилова шақырылды.

«Қаржылық сауаттылық тақырыбы бұрынғысынша Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша өзектілігін жоғалтпауда. Бұл сұрақ пандемия кезінде аса маңызды бола бастады. Мұндай қиын қыстау кезеңде қаржылық сауаттылық негіздері жол жүру ережелері секілді маңызды. Түркістан қаласы тұрғындарымен өткізілген кездесулер барысында біз адамдардың ақшамен проблемаларын шешіп қана қоймай,  қаражатты мейлінше орынды жұмсауды үйретуге тырысамыз» – деді Ақжүніс Брасилова.

Семинар 2021 жылдың 12-13 сәуірінде Түркістан қаласында өткізіледі. Лекцияларға қарапайым азаматтармен қатар жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады.

«Заманауи қоғамдағы қаржылық мәдениет машықтар мен мінез-құлық ережелері жүйесіндегі маңызды элемент болып табылады. Негізгі қаржылық білімді басқару жағдайларға тәуелді болмауға мүмкіндік береді. Білімді адам қоғамды ары қарай дамытудың материалдық негізін құрайтын аса тиімді және пайдалы қаржылық құралдарды таңдайды. Қаржылық сауаттылық бойынша жобаларды талдау қаржылық білімнің тапшылығын анық көрсетеді. Семинар барысында алынған машық адамдардың ақшаға деген қарым-қатынасын өзгертіп, дұрыс жұмсаумен қатар болашақты ойлауға септігін тигізеді деп үміттенеміз» – деді Қазақстандағы Микроқаржылық ұйымдар ассоциациясының директоры Ербол Омарханов.