«Қаржылық және цифрлық видео – сауаттылық» курсының бірнеше мақсаттары бар:
- Кредиттік өнімдер мен қаржылық құралдар туралы білімді арттыруф;
- Кредиттеу мен кредиттеу бағдарламаның ерекшеліктерін талдау;
- Қаржылық операцияларды цифрландырумен байланысты соңғы кездерде жиі орын алатын алаяқтық фактілерінен қорғану жолдары мен әдістерін қарастыру.
Курс 5 тақырыптан тұрады:
Барлық қатысушыларға арналған өзекті және маңызды ақпарат – «Қаржылық және интернет алаяқтық».
Қазақстанның әрбір сегізінші тұрғыны алаяқтың жәбірленушісі болып қана қоймай, ақшасынан айырылған. Әрбір үшінші тұлға қаржылық ұйымдардың атынан әрекет ететін алаяқтарға жолыққан. Біз қаржылық алаяқтықтың және интернет желісіндегі алаяқтықтың негізгі түрлерін, алаяқтықтан күресу жолдарын талқылаймыз. Бұған қоса курс барысында алаяқтыққа тап болған кезде қайда жүгіну қажет екендігі және қаржылық ұйымды қалай дұрыс таңдау қажет екендігі туралы ақпарат беріледі. Толығырақ Анель Шакенованың видео – курсында https://www.youtube.com/watch?v=FGN3pLsT_no