Қаржы саласында сауатты адам – экономикалық процестерді жетік білетін, акция сатып алу үшін күн сайын көптеген ақпаратты талдайтын, бухгалтерлік есеп машығын білетін, жоғары математикада білімі бар адам деген пікір қалыптасқан.
Жоғарыда көрсетілген машықтардың барлығы маңызды екендігі шындық. Жеке қаржылық сауаттылықты арттыруды бастау үшін бірнеше машықтарға ие болу да жеткілікті.
Ең алдымен, сіз өзіңіз пайдаланатын қаржылық құрал-саймандарды бағалауды жүргізіңіз. Сізде жалақы алатын, кредитті, коммуналдық қызметтерді төлейтін банктік карточка бар екендігі анық.
Ал енді сіз мұндай қаржылық құрал-саймандардың жұмыс механизмін қаншалықты түсінетіндігіңіз туралы сұрақ қойыңыз. Оларды пайдалану үшін қанша төлейтіндігіңізді түсінесіз бе? Баламалы және тиімді тәсілдер туралы білесіз бе?
Тұрақты негізде қаржылық сауаттылық саласындағы ақпаратты өзіңізге ыңғайлы нысанда зерттеңіз. Мысалы, интернеттегі, радиотрансляция немесе подкасттар, видеолар. Сіз алынған ақпаратты практика жүзінде пайдалана аласыз. Мысалы, отбасылық бюджетті жүргізу туралы ұсынымдар. Арнайы мобильді қосымшаны (қазіргі кезде тегін ондаған астам қосымшалар бар) таңдап, бюджетті қаражатты мұқият бақылау мен есепке алу позициясынан жүргізіп көріңіз.
Егер ақшамен бұған дейін жүргізбеген операцияны жасауды немесе жаңа қаржылық өнімді (кредит карточкасын алу, қаражатты пайыздарды капиталдандыру қарастырылған салымды ашу) пайдалануды жоспарласаңыз, мұндай құрал-сайман туралы ақпаратты алдын ала жинаңыз. Түрлі қаржылық-кредит ұйымдарынан бірнеше ұсыныстарды салыстырып, банк маманынан консультация алыңыз.
Сіздің қаржылық сауаттылық саласында сауаттылығыңызды арттыру үшін біз Қазақстандағы Solva тобы жеке жобаны жүзеге асырдық. Оның негізгі мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру (тиісінше қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру).
Жоба шеңберінде әкімдіктің қолдауымен Талдықорған мен Қапшағай қалаларында екі тегін семинар өткізілді. Еліміздің түрлі өңірлерінде сегіз іс-шаралар жоспарланған. Оқыту бір мезгілде онлайн және қашықтықтан нысандарында өтеді, осылайша біз тыңдаушыларды мейлінше көбірек қамтуды мақсат ретінде қойдық. Спикерлер ретінде жұмыс тәжірибесі мол сарапшылар шақырылды.
Біз жобаның ресми парақшасында қарапайым, түсінікті және қызықты түрде пайдалы ақпаратты және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдарды жариялайтын боламыз.
Жаңартуларды күтіңіз!