Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Желтоқсан дайжесті: Қызылордада өткен «Әйел мен ақша» семинары және жыл қорытындылары

Іс-шаралар
  • #Әйелменақша

Осы жылы соңғы рет 1 желтоқсанда Қызылордада қаржылық сауаттылық бойынша «Әйел мен ақша» семинары өтті.

Білім беру интенсиві барысында қатысушылар бюджетті жоспарлауға, шығын есебін талдап жүргізуге, «жағымды» кредитті «жағымсыздан» ажырата білуге, жеке кәсіпті кеңейтуді жоспарлауға қатысты білім алды.

Тренинг қонақтары, олардың ішінде бизнеске жаңадан қадам басқан қыз-келіншектер мен тәжірибелі кәсіпкер ханымдар семинарға өз бағаларын берді:

“Бүгінгі тренинг өте ұнады, жоғары деңгейде өтті”.

“Осы семинар үшін алғыс айтамын, өте қызықты өтті, көп пайдалы ақпарат алдық”.

Жыл қорытындылары

2023 жылы «Әйел мен ақша» семинарлары 7 қалада өтті, оларға шамамен 500 қыз-келіншек қатысты. Осы білім беру жобасын іске асыру барысында Solva компаниясы 12 қалада және Қазақстанның барлық елді-мекенінде жалпы алғанда 950 әйелге орыс және қазақ тілдерінде тренинг өткізді.    

Білім беру семинарларының циклі қандай фактілермен есте қалғанын инфографикамен көрсетейік.