Менің ата – анам ерлерге арналған костюмдерді сатумен айналысатын. Бір кезде олар мені де отбасылық бизнеске қосты. Мен жейде мен галстук саттым. Кейін жеке бутигімді ашып, оны «Галстук» деп атадым. Оның ашылғанына 10 жыл болды. Қазір костюмдер мен галстуктар аз, бизнестің негізгі сегменті – кэжуал үлгісіндегі киім.
Иә, мен үнемі өзіме жұмыс істедім. Менің педагогикалық білімім бар, психологпын. Бірақ мен үнемі дамып, жаңаны үйренемін. Мен Instagram жүргізуді ұнатамын, суретке түсіруді жақсы көремін және блогерлерден тәжірибе жинаймын. Сонымен қатар стильшілер курстарын тәмәмдап, бизнес жүргізу және маркетинг бойынша оқудан өттім.
Қиындықтар әртүрлі болады, бірақ бастысы – доллардың үнемі өзгеріп отыратын бағамы. Бұл тауар құнына әсер етеді, сондықтан клиенттерге жаңа баға саясатын түсіндіруге тура келеді.
Жақсы сатушыны табу оңай емес. Демалыс күндері мені алмастыратын әйел бар, қалған уақытта мен өзім жұмыс істеймін. Жалпы, менің басты мәселем – жұмысты табыстау. Мен адамдармен араласқанды ұнатамын, барлық тұрақты клиенттерім мені жақсы таниды. Кейбіреулері алғаш рет бұл дүкенге мектепте оқып жүргенде келді. Кейін университетте оқыды, жұмысқа орналасты, үйленді және балалы болды. Олар маған әлі де киім алу үшін келеді. Мінеки осындай сабақтастық.
Иә, пандемия кәсіпкерлер үшін күрделі сынаққа айналды. Бұл туралы қатты уайымдадым, бірақ бұл өмірде кез-келген мәселенің шешімі бар. Мен сатылымды толығымен Instagram-ға шығардым және бұл сәтті жұмыс істеді: сатылым үш есеге жуық өсті. Маған киімнің әдемі суреттерін түсіру және Reels түсіру ұнады. Жеткізуде де қиындықтар болған жоқ, мен оны үйден ұйымдастырдым.
Егер сен ештеңе жасамасаң, ештеңе болмайды. Мен адамдарды шынымен жақсы көремін – олардың тілектері мен қажеттіліктерін зерттеймін. Клиент риза болып кетеді, өйткені ол өзіне қажет нәрсені алады.
Бизнесті кеңейту керек, бірақ әзірге бұл үшін жұмыс қолы мен уақыт жетіспейді. Қосымша офлайн нүктені қарастырып жүрмін – әлі шешімге келген жоқпын, бұл сауда орталығы болуы мүмкін.
Негізгі кеңес – нарықты зерттеңіз. Асығыстық танытпаңыз, жаңа іспен айналысу білім мен құралдарды қажет етеді.
Сондай-ақ, жұмыс істеуге деген ұмтылыс маңызды. Көптеген адамдар бизнесті жүргізу оңай деп санайды. Ал шындықпен бетпе-бет келгенде, оны тастайды. Кейде тәулігіне 24 сағат жұмыс істеу керек.
Мысалы, мен тауарды қанша және қайдан сатып алу, қандай бағалар белгілеу, маусымдық киімдерді қалай дұрыс таңдау туралы үнемі ойлаймын.
Әрине, үнемі қателіктер болады. Бірақ қателіктер неғұрлым көп болса, өсу мүмкіндіктері соғұрлым көп болады.