Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Қыркүйектегі шаралар дайджесті: Өскеменде өткен «Әйел мен ақша» семинары

Іс-шаралар
  • #Әйелменақша

15 қыркүйекте Solva Өскеменде «Әйел мен ақша» атты семинарлар топтамасынан қаржылық сауаттылық бойынша тегін тренинг өткізді.

Семинарға келген 80-нен астам қатысушы – жас әрі тәжірибелі кәсіпкер қыз-келіншектер жеке кәсіпті жүргізудің, қаржылық жоспарлаудың, бюджетті құру мен бақылаудың ерекшеліктерін біліп қана қоймай, сонымен қатар пайдалы, іскерлік байланыстар  орнатты.

Тренингтің бір бөлігі қарыз алушылардың қаржылық қауіпсіздігі мен құқықтарына арналды. Бұл ретте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Ақпараттық саясат бөлімі бастығы Дмитрий Акмаев және Solva компаниясының Қарыз алушылар құқықтарын қорғау бойынша департамент директоры Ернар Оразбаев өз ұсыныстарымен бөлісті.

Семинар қатысушылары берілген ақпарат сапасы мен шара форматын жоғары бағалалады:

«Бұл семинарда өз өнімімді ұсына алғаныма, басқа кәсіпкер әйелдермен танысып, пайдалы ақпарат алғаныма өте қуаныштымын».

«Пайдалы инсайттар мен жақсы ой-пікірлерге көп рахмет».