Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Шымкент қ. төсек орын жабдығы өндірісінің иесі Тиллакул Карсыбаеваның оқиғасы.

Тиллакул КарсыбаеваТөсек-орын жабдығын тігетін цехтің иесі
Solva клиенті
Әйел ісі

Тиллакул өз ісін іске қосқанына не бәрі 3 жыл ғана өтті. Кәсіпкер ханым көп уақыты мен күшін алты баланы тәрбиелеуге жұмсаған. Сол себептен болар бизнес бағыты ерекше болды. Отбасылық құндылықтарды құрметтеу дәстүрлі стильдегі төсек орын жабдығы өндірісінің пайда болуына алып келді.
Әрине, өз жолында біздің қаһарманымыз көптеген қиыншылықтарға тап болған. Мысалы, тәжірибелі қызметкерлерді таңдау, құрал-жабдықты табу, бәсекелестерден озу. Алайда проблемалар шешілді. Кадрлармен байланысты сұрақты Тиллакул қызметкерлер арасында оқытуды мұқият жүргізу және сырттан келген қызметкерлерге тұру шарттарын әзірлеу арқылы шешті. Құрал-жабдықтың мәселесі қиынырақ болды: өндіріс үшін үш тігін білдегін сатып алдым. Бір машинаны ұзақ және мұқият іздедік, себебі оның көмегімен дәстүрлі оюларды жасауға болады.

Қазір кәсіпкер ханымның өндірісінде 12 қызметкер жұмыс істейді, ал тауарлары Қазақстан бойынша үлкен сұранысқа ие. Мысалы, төсек орын жабдықтары Астана, Қазалы, Ақтөбе және Атырау секілді қалаларға жіберіледі. Жеке көліктің көмегімен уақыт пен ақшаны оңтайландыруға болады, Тиллакул ханым енді жүк машинасын сатып алу туралы ойлап жүр.

Бастаған ісі туралы ойлаған кезде Тиллакул ешнәрсеге өкінбейтіндігі туралы айтты, себебі ол өз ісін шынымен жақсы көреді. Болашақта өндірісті цех ғимаратына екінші қабатты құру арқылы кеңейту жоспарда бар. Бұл бизнес масштабын арттыруға ғана емес, тігін сапасын жақсартуға, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бизнесін енді бастаған кәсіпкерлерге Тиллакул келес кеңесті береді:

Өз ісіңізді ашу үшін қарыз алудан қорықпаңыз. Нарықтың қажеттіліктерін зерттеп, бәсекелестердің қызметімен танысып, ақшаны ақылмен жұмсаңыз.