Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Шымкентте «Әйел және ақша» циклінен қорытынды білім беру семинары өтті

Іс-шаралар
  • #Әйелменақша

9 желтоқсанда Шымкентте «Әйелдер ісі» платформасының қаржылық сауаттылық бойынша 2022 жылға жоспарланған тренингтер циклінің қорытынды семинары өтті.

Қатысушылардың көбісі іс-шара барысында бюджетті жоспарлау және жүргізу, бизнесін дамытудың қаржылық құралдары туралы мол практикалық білім алып, пайдалы таныстықтар орнатқанын атап өтті.

Шымкенттегі семинар – Solva компаниясы «№1 Қаржылық сауаттылық мектебімен» және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) серіктестіп өткізіп жатқан «Әйел және ақша» цикліндегі бесінші тренинг. Бұған дейін семинарлар Түркістан, Қарағанды, Астана қалаларында, сондай-ақ Шелек ауылында өткен болатын. Шараларға 250-ден астам кәсіпкер әйелдер қатысты.

«Әйел және ақша» семинарлары – Solva компаниясы кәсіпкер әйелдер үшін құрған «Әйелдер ісі» мультифункционалды платформасының білім беру бастамаларының бірі. Платформаның мақсаты әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы орта құру және Қазақстанда қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады.