Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Сарыағаш ауданының тұрғыны Нарбуви Тагаеваның өзінің ауыл шаруашылық бизнесі туралы оқиғасы.

Нарбуви ТагаеваОтбасылық фермерлік шаруашылық
Solva клиенті
Әйел ісі

Нарбуви Тагаева ханымның бизнес жүргізу тәжірибесі жиырма жылды құрайды. Кәсіпкер өз ісін әйелдерге арналған киім-кешек сатудан бастап, қазіргі таңда ауыл шаруашылық саласында жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіп сегментінде бәсекелестіктің жоғары және өзі төрт баланың анасы болғандықтан, кәсіпкер ханым тәуекелге барып, жаңа істі бастау туралы шешімді қабылдаған.

Соңғы бес жыл ішінде Нарбуви жылыжай шаруашылығына арнап 3 га. жер, 28 жылқы мен 30 бас ірі қара мал сатып алды.
Бизнесті жүргізудің басында кәсіпкер тәжірибе мен білімнің болмауына байланысты 3 млн. тг. жоғалтты. Бизнесті бастаған кезде қиыншылықтар мен қателер де болған. Нарбуви қайтадан талпыныс жасап, жұмысқа Өзбекстаннан тәжірибелі мамандарды шақырып, диқаншылық пен мал шаруашылығы есебінен бизнесін кеңейткен. Қазір дайын өнім Сарыағаштан Алматы және Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларға жеткізіледі.

Иә, ауыл шаруашылық – бұл бәсекелестігі өте жоғары орта, алайда өзіңе деген сенім мен еңбекққорлық өз жемісін береді. “Әрекет болмай, берекет болмас” – деді өз сөзінде кәсіпкер ханым.
Алдағы жоспарларым туралы айтатын болсам, сүт өнімінің бағытын масштабтау және дамыту.

Нарбуви бизнесті ерлер мен әйелдерге арналған деп бөлмейді. “Ең бастысы, әрбір істе – дұрыс мақсаттың болуы және алдыға ұмтылу”.

Нарбуви бизнесте алғаш қадам жасаған кәсіпкерлерге қарыз алудан және қате жасаудан қорықпауға, тәуекелдіктерді есепке алуға шақырады.