Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Маусым айындағы шаралардың дайджесті: Петропавлда өткен «Әйел мен ақша» семинары

Іс-шаралар
  • #Әйелменақша

16 маусымда Solva компаниясы Петропавл қаласында алғаш рет «Әйел мен ақша» атты қаржылық сауаттылық жайлы семинар өткізді. Solva серікесі – «№1 қаржылық сауаттылық мектебімен» бірге ұйымдастырылған тренингке өз ісін бастағысы келетін 70-тен астам қыз-келіншек қатысты.

Тренинг барысында қатысушылар бюджетті жоспарлау әрі оны жүргізу, кіріс-шығысты есептеу мен бақылау тәсілдері, сондай-ақ бизнесті дамытуға арналған қаржылық мүмкіндіктер жайлы білім алды. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Акмаев Дмитрий және Solvo Қарыз алушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент директоры Оразбаев Ернар қаржылық қауіпсіздік туралы сөз қозғап, қарызға алған ақшаны сауатты жұмсаудың маңыздылығына баса назар аударды.

Семинарға қатысқан нәзік жандылар бүгінгі таңда қаржылық сауаттылықты арттырудың және жеке кәсіпті бастауға қажетті білім алудың маңыздылығын атап өтті:   

«Solva-ға алғысым шексіз, шара жоғары деңгейде өтті».

«Керемет шара өткізгені әрі іскер әйелдерді қолдағаны үшін Solva-ға рахмет!».