Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Мамыр айындағы іс-шаралар дайджесті: Ақтау және Атыраудағы қаржылық сауаттылық семинарлары

Іс-шаралар
  • #Әйелменақша

Мамыр айында Solva Ақтау және Атырауда қаржылық сауаттылық бойынша «Әйел мен ақша» атты екі семинар өткізді. 

Әр қалада бізге 70-тен астам әйел қосылды, олар бизнесті бастаудың, жүргізудің және масштабтаудың, отбасылық бюджетті жоспарлаудың, қаржылық қауіпсіздіктің, қаржыландыру құралдарды таңдаудың қыр-сырын түсінуге, сондай-ақ біздің сарапшыларға қаржыны басқаруға қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Семинарларды Solva серіктестермен, №1 Қаржылық сауаттылық мектебі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп өткізді, Атырауда спикерлер құрамына Solva компаниясының қарыз алушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ернар Оразбаев та қосылды.

Семинарға қатысушылар іс-шараларды жоғары бағалады: 

«Ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыс айтамын. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, біз бюджетті жоспарлау және жүргізу, инвестициялар туралы көптеген пайдалы ақпарат алдық, бұл білім барлық қатысушыларға пайдалы болады деп ойлаймын». 

«Қаржылық сауаттылық мәселелері қазір өте өзекті – отбасылық бюджет, бизнес құру кезінде жоспар құру, тәуекелдерді қарастыру. 

Маған іс-шара өте ұнады, жаңа білімді пайдалануға ниеттімін, өз бизнесімді ашқым келеді».

Solva Қазақстанның түрлі қалалары мен елді мекендерінде әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинарларды өткізіп жатқанына екінші жыл болды. Тренингтер республикадағы қаржы мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында құрылған Solva-ның «Әйел ісі» жеке платформасының бір бөлігі болып табылады.