Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Гүлжан оқиғасы, балабақшалар желісінің негізін қалаушы

Гүлжан ТұрысбековаБалабақшалар желісінің негізін қалаушы
Solva клиенті
Әйел ісі
  • #Әйелісі

Үш баланың анасы, талғарлық Гүлжан Тұрысбекова екінші баласына декреттік демалысқа шыққан кезде балабақша ашу туралы ойға келеді. Қазірдің өзінде Гүлжанның Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту ауылында 3 бірдей балабақшасы бар. Ол өз кәсібін қалай жүргізіп отырғанын айтып, жолын енді бастағандарға кеңес берді. 

Жеке қажеттіліктен туған бизнес

Талғар ауданы Қызылту ауылында тұратын Гүлжан Тұрысбекова тұңғыш баласын дүниеге әкеліп, ол екі жастан асқан кезде баласына балабақша іздей бастайды. Алайда өз ауылындағы мектеп жанындағы шағын орталық пен көрші ауылдағы балабақшаға көңілі толмайды.

«Менің бизнесім жеке қажеттіліктен туған. Мектеп жанындағы шағын орталыққа барсам, кезекте 100-орында тұрдым. Көрші Гүлдала ауылында қарапайым үйдің ішінде ашылған балабақша бар екен. Біріншіден, маған ішкі жағдайы ұнамады. Екіншіден, бір балаға 30-35 теңге сұрайды. Ол кездегі менің есепші ретіндегі жалақым 40 мың теңге. 35 мың теңгесін балабақшаға берсем, өзіме ақша қалмай қалады ғой», – дейді кәсіпкер.

Алайда кәсіпкер тұңғышын сол балабақшаға беруге мәжбүр болған. Кейін екінші баласымен декретке шыққанда өзі кәсіп бастап көруді ойланып, үйінің жанындағы бос жатқан аумаққа балабақша салуды бастайды.

«Шамамен 13 сотық жеріміз болды. Сол жерге жаңа ғимарат саламын деп шештім. Бірінші жылы фундаментін құйып, екінші жылы қабырғасын тұрғызып, үшінші жылы құрылыс, жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, балабақшаны аштық», – дейді кәсіпкер.

Басты жетістігім – мықты командам

Гүлжан бизнес ашу кезінде әртүрлі қиындықтарға тап болғанын айтады. Қазір ол қиындықтардың бәрі артта қалып, өзін сенімді кәсіпкер сезінеді.

«Алғашқы балабақшаны 2016 жылы 7 қыркүйекте аштық. Ол кезде маша салған күні маған 100 бала келеді де, ісім алға басады деп ойлаппын. Алайда алғашқы күні 7 бала келді. Содан кейін ауылдағы тойлар мен астарда асабалар мен молдаларға хабарлап айтуды сұрадық. Осылай ақырын бала жинадық. Қазір балабақшаға 175 бала келеді», – дейді кәсіпкер.

Оның айтуынша, тағы бір қиындық балабақшаға қажетті қызметкерлерді табу болған.

«Ауылда декретте отырған, ата-енесіне қарап отырған педагогикалық білімі бар қыз-келіншектер көп екен. Көше-көшеден аралап жүріп, қажетті мамандарды тауып алдым. Осы кәсіпке келгендегі ең басты жетістігім – мықты командам деп сеніммен айта аламын. Олар әрдайым курстарға қатысып, біліктілігін арттырып отырады», – дейді Гүлжан.

Осы жолдағы тағы бір қиындық қаржы табу болған. Алғаш бизнесін ашқанда да, кейін де несие алған.

«Үшінші балабақшамды ашқанда қаржылық қиындықтарға тап болдым. Осы салада бірге жұмыс істейтін Ақмарал деген кәсіпкер маған Solva қаржылық ұйымы туралы айтты. Телефон нөмірін тауып, менеджерден ақпарат алдым. Ол маған барлығын дұрыстап түсіндіріп берді де, өз кабинетімде отырып, бес минутта несие рәсімдеп алдым. Бір жылға алған соң, қосымша үстемақысы да аз болды», – дейді Гүлжан.

Кәсіпкердің айтуынша, ол қазір өзін Solva-ның сенімді клиентімін деп атайды.

Болашақта басқа кәсіппен де айналысып көремін 

Қазіргі таңда Гүлжан Қызылту ауылындағы монополист. Себебі ауылдағы 3 балабақша да кәсіпкерге тиесілі: Асёка, Асёка+ және Асёка Education.

«Балабақша саласында монополист болып отырмын. Болашақта бизнестің басқа да секторларына ауысып көрсем бе деген ойым бар. Мейрамхана, қонақ үй және пиццерия ашқым келеді. Алдағы уақытта осы идеямды іске асыру үшін Solva-ға қайта жүгінсем деген ойым бар. Маған қолдау көрсетеді деп сенемін», – дейді кәсіпкер.

Ақша үшін емес, сапа үшін жұмыс істеуді үйрендім

Кәсіпкердің сөзінше, ол алғаш балабақша ашқанда бірден ақша тауып, байып кетемін деп ойлаған. Алайда кейін ол ойының қате болғанын түсінген.

«Бірінші балабақшаны ашқан көп ақша табамын деген ғана ой болған. Бірақ кейін ақша үшін емес, сапа үшін жұмыс істеуді үйрендім. Осы салада үздік болғым келетінін түсіндім. Сол мақсаттарыма жетіп келемін. Мысалы, 2019 жылы өңірдегі «Үздік балабақша» атағын жеңіп алдық», – дейді ол.

Ол балабақшаны ашқанда балаларға ғана емес, ата-аналарға да қолайлы болу керек екендігін түсінген.

«Жоғарыда өз балама балабақша іздегенімді айттым ғой. Сол кезде тағы бір тиімсіз жағдайды түсіндім. Мысалы, менің жұмысым 9-да басталса, жол жағдайын ескеріп, 7-де шығуым керек. Кешкі 6-да шыққанда мен үй жаққа 7-де жетемін. Балабақшаның жұмыс уақыты таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін болды. Шағын орталықтың жұмыс уақыты таңғы 10-нан кешкі 5-ке дейін болды. Жұмыс істейтін ата-аналарға өте қолайсыз екенін түсіндім. Сондықтан біздің балабақшамызда балаларды жеткізіп салу арналған арнайы көліктер бар. Айына бір бала үшін 7 мың теңге», – дейді кәсіпкер.

Бұдан бөлек, ол баланы бақшаға берудің артық шығын екенін, оған көпшіліктің жағдайы келе бермейтінін түсінген.

«Біз қазір мемлекетпен бірігіп жұмыс істейміз. Бюджеттен субсидия аламыз. Ал ата-аналар тек тамақтың ақшасын төлейді, 18 мың теңге болады. Біз тіпті ата-аналарға артық жүк салмас үшін тігін машиналарын, попкорн, мақта кәмпиттер дайындайтын құрылғылар сатып алғанбыз. Жарысқа барған жағдайда киімді өзіміз тігеміз. Балаларға кино, өзге де ойын-сауық шараларын ұйымдастырғанда қажетті құралдарды өзіміз даярлаймыз», – дейді кәсіпкер.

Болашақ кәсіпкерлерге кеңес

«Бірінші кезекте өз күшіңе сенімді болу керек. Мен бизнес ашқандай арнайы жоспарым немесе білімім болған жоқ. Тек жұмыс істесем деген құлшыныс болды. Меніңше, жұмыстың тең жартысы осы құлшыныстың арқасында іске асады. Әрине, кемшіліктер, қателіктер болады. Бірақ сол қателіктерден сабақ алып, әрі қарай жылжу қажет», – дейді кәсіпкер.

Ол кәсіп бастайтын адамға тағы бір керегі қаржылық қолдау екенін айтады. «Қаржылық сауаттылықты арттырып, әртүрлі ұйымдарды салыстырып, өзіңе тиімді жерден қарыз алуға болады. Қарыздан қорықпау керек. Іс басталса, қарыз да жабылады», – дейді Гүлжан.