Solva.kz App

4,8
Жүктеу

Бизнесті бірге қалпына келтіреміз!

Көмек алған адамдардың оқиғалары

Қиындыққа душар болған достан қашпа

Менандр

Замира

Solva микрокредиттеудің жойылған нүктесін қалпына келтіру

Салдарлар

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Solva-ның бірнеше нүктелері толық тоналған болатын. Алайда оған қарамастан компанияның қолдауына ие болған кәсіпкерлер кеңселерін қалпына келтіріп, бизнесті ары қарай дамытуды жоспарлауда.

Solva банкоматтары
Сынған банкомат
Филиалдағы банкомат

Нұқсан келтірілген нүктелердің біреуінің иесі – Алматы қ. тұрғыны Замира. Ол Solva серіктестік бағдарламасына 2019 жылы қосылып, бір жыл ішінде компанияның жетекші серіктестірінің қатарына қосылып үлгерді.

Мен бұған дейін менеджер болып жұмыс істедім. Көк базарда бір оффлайн нүкте аштым. Бизнес табысты бола бастағанда қосымша нүктелер ашып, қызметкерлер командасын кеңейте бастадық.

Қаңтар айының басында қалада төтенше жағдай режимі жарияланып, кеңселерді 19 қаңтарға дейін жабу туралы шешім қабылданды. Ары қарай не болатындығы туралы ешкім білмеді.

Әрине, мұндай ситуацияны ешкім күтпеді. Өкінішке орай, бізде тонаушылардың әрекеттерінен зардап шектік. 6 қаңтарға қараған түні көптеген тонау фактілері орын алды. Сайран, Ақсай және Төле би көшесінде орналасқан үш кеңсеге залал келтірілді.

Бөлімге дейін және кейін
Банкоматы бар филиалЖұмысшымен бірге филиал

Замираның айтуынша, нүктелердің бірінде техникамен қатар кеңселік тауарлар мен қабырғаға орнатылған сейфте ұрланған. Екінші нүктеде есіктерге, терезелер мен құрал-жабдыққа нұқсан келтірілген. Жалпы алғанда, Solva компаниясының үш кеңсесіне зиян келтірілген. Қылмыстық әрекеттерден болған материалдық шығын шамамен 3-4 миллион теңгені құрады.

Біз барлығын тез арада қалпына келтіре бастадық. Жұмысты 8-9 қаңтарда бастап кеттік Қазіргі кезде барлық үш нүкте бұрынғы режимде жұмыс істеп тұр.

Бөлімге дейін және кейін
Бұзылған бұтақЕр адам бар филиал баннері

Замира қазіргі сәтте оның бизнесіне кез келген қолдау маңызды екендігі туралы айтты. Кәсіпкерлерге дәл қазір көмек пен өзара әрекеттестіктің қаншалықты қажет екендігін түсініп қана қоймай, Solva компаниясы барлық нүктелерді қалпына келтіру үшін материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Кез келген ситуация бызды сынап қана қоймай, бызды мықты етеді. Қол жеткізген жетістікте тоқтап қалмай ары қарай жалғастыруды ұнатамын. Әрбір жұмыс күнім – менің табысым, сол себептен ерекше қарқында жұмыс істеуді тоқтатпай мың. Бизнесімді дамытып, жаңа оффлайн нүктелерді іске қосудамын. Solva компаниясына бірлескен жұмыс, көрсетілген қолдау және түсінушілік білдіргені үшін алғысым шексіз! Бірге жаңа белестерді бағындырып, жаңа даму жолына өтіп, қаржы әлемінде өзіміздің тұрақты позициямызды табамыз дегенге кәміл сенемін!

ШОБ-ға қолдау көрсету бойынша арнайы ұсыныс

Толығырақ